Қызыққа толы бірінші тур

12.03.2013, 18:22
Қызыққа толы бірінші тур
Суперкубокта жолы болмаған Мирослов Беранек шәкірттері Қостанайда «Тобылдан» оңбай ұтылды. «Тобыл» бұл ойында әдемі ойын үлгісін көрсете білді. Команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің әлі бабында екенін тағы да байқатты.
«Тараз» – «Атырау» – 4:1 (1:1)  Доп соққандар: Лечич 10 (1:0), Чуреев  пенальтиден 40 (1:1), Курто 58 (2:1), Бауыржан 72 (3:1), Курто 90+2 (4:1) Ескертулер: В. Евстигнеев 76, Курто 79, Нурыбеков 17, Данилюк 55, Туторич 57, Самченко 70, Родионов 76 «Тараз» Цветков, Сергиенко (к), Шабаев, Айтбаев, Мехмедович, Муминов (В. Евстигнеев 75), Лечич, Курто, Эссомба (Головской 52), Бауыржан, Одита (Әмірханов 90+3)  Қосалқы құрам: Кирбятьев, Д. Евстигнеев, Ранджелович, Заречный «Атырау»: Бойченко, Куцов, Чуреев (к), Туторич, Самченко, Родионов, Фомин, Данилюк, Миланкович, Овшинов (Мадиев 84), Нұрыбеков  Қосалқы құрам: Плотников, Сейткалиев, Маров «Тараз» маусымды өте жоғары қарқында бастады. Любо Петрович баптайтын команда өткен жылы төртінші орынға қол жеткізген болатын. Ал биыл бас жүлдеге үміткер команда құрамын Тити Эссомба, португалиялық Мануэль Курто сияқты легионерлермен толықтырды. Ал ойында Мирослава Лечич осы біріншіліктің алғашқы голын соқты. Осылайша «Тараз» алға шыққанымен, 40-шы минутта Валентин Чуреев есепті теңестірді. Үзілістен кейін «Тараз» ойынды толық өз қолдарына алып,  Бойченко қақпасына үш доп соқты. Португалиялық легионер Курто дубль жасаса, Шерхан Бауыржан бір доппен көзге түсті.   «Тобыл» – «Астана» – 5:1 (3:0) Доп соққандар: Красич 20 (1:0), Шливич 26 (2:0), Дмитренко өз қақпасына 28 (3:0), Зелао 55 (3:1), Салех 67 (4:1), Жолшиев 61 (5:1) Ескертулер:  Дмитренко 31 «Тобыл»: Петухов, Кучма, Сүлей, Шливич, Жұмасқалиев (к), Бугаев (Куртиши 75), Волков, Салех, Кургулин (Қуантаев 40), Красич (Жолшиев 60), Тонев  Қосалқы құрам: Бекбаев, Шкот, Мұканов, Байтана  «Астана»: Эрич, Нұрдаулетов (к), Зелао, Бейсебеков, Дмитренко (Кояшевич 32), Киров, Шахметов, Цыгырлаш (Куат 73), Қонысбаев, Нүсербаев, Остапенко (Ивановски 66) Қосалқы құрам: Логиновский, Горячий, Пикалкин, Толебаев Суперкубокта жолы болмаған Мирослов Беранек шәкірттері Қостанайда «Тобылдан» оңбай ұтылды. «Тобыл» бұл ойында әдемі ойын үлгісін көрсете білді. Команда капитаны Нұрбол Жұмасқалиев өзінің әлі бабында екенін тағы да байқатты. Орталық алаңды өз қолына алып, әріптестеріне ыңғайлы пас шығарып берумен айналысты. Салех шығарған пасты «Тараздан» ауысып келген, Огнен Красич керегіне жаратып, есепті ашты. 26-шы минутта Сербиялық легионер Ненад Шливич есепті еселеді.  Бір минуттан кейін, ұлттық құрамада өнер көрсетіп жүрген қорғаушы Виктор Дмитренко өз қақпасына автогол соқты. Үзілістен кейін Зелао есепті қысқартқанымен, Юссуф Салех пен Бауыржан Жолшиев бір-бір голдан соқты. Қортынды есеп  5:1   «Ақжайық» – «Шахтер» – 3:0 (2:0) Доп соққандар: Зенькович 21 (1:0), Зенькович 36 (2:0), Омаров 86 (3:0) Ескертулер: Коструб 11, Саджо 51, Хлебоун 81, Парываев 41, Симчевич 78  «Ақжайық»: С. Покатилов, Хлебоун, Хаиров (к), Омаров, Воротников, Забродин (Мальцев 83), Зотов, Коструб, Саджо (Шевцов 87), Зенькович, Черны  Қосалқы құрам: Багаутдинов, Арбеков, Антипов, В. Покатилов, Сәрсекенов «Шахтер»: Мокин, Василевич, Малый, Парываев (Хижниченко 80), Симчевич, Байжанов, Каньяс (Вичюс 80), Кукеев, Лунин, Финонченко (к), Тәжімбетов Қосалқы құрам: Ткачук, Тарасов, Вишняковс, Габышев, Жангылышбай Екі дүркін ел чемпионы, жақында ғана Суперкубокты алған қарағандылық «Шахтер» күтпеген жерден Оралда жергілікті «Ақжайықтан» 0:3 есебімен ұтылып қалды. Бұл ойында батыс ұжымы қарымта шабуылға иек артты. Қарымта шабуылда «Шахтердің» қорғаушыларының екі аяғыын бір етікке тыққан белоруссиялық шабуылшы Игорь Зенькович екі голдың авторы атанды. Ал екінші тайм соңында алаң иелері сапынан Бауыржан Омаров үшінші голды тоғытты. Ел чемпиондары алғашқы турда  Оралдан осылайша қоржындары бос қайтты. «Қайрат» – «Жетысу» – 3:3 (1:0) Доп соққандар: Сиссей 38 (1:0), Тотай 46 (1:1), Саломов 48 (1:2), Сиссей 52 (2:2), Аверченко 68 (2:3), Недашковский 88 (3:3) Ескертулер: Шестаков 63,  Коробов 34, Мельзиддинов 86, Щеткин 90+3 «Қайрат»: Рихард, Гурман, Кислицын, Михалик, Жұматаев (Гетериев 54), Шестаков (к) (Байжанов 73), Дафф, Сахалбаев, Калинин, Кнежевич (Недашковский 85), Сиссей  Қосалқы құрам: Шайхесламов, Вяткин, Нехтий, Кейлер  «Жетісу»: Цирин, Коробов (к), Эргашев, Климавичус, Джалович, Тотай, Мельзиддинов, Скорых, Аверченко (Мамонов 71), Саломов (Ковалев 90), Щеткин Қосалқы құрам: Степаненко, Даутов, Эсатов, Азовский, Сариев Биылғы маусымды жаңа бапкермен бастап отырған екі команда алғашқы турды жеңіспен бастап, жанкүйерлерін қуантпақшы болған. Алматы облысының басты дербиі саналатын кездесуде көрермендер алты бірдей голға куә болды.Орталық стадионда  өткен ойында Владимир Вайсс пен Омари Тетрадзе шәкірттері 3:3 есебімен тең тарқасты. «Қайратқа» жаңадан қосылған Гамбиялық шабуылшы Сиссей осы ойында қос доп соқты. Сондай-ақ «Жетісудың» жас шабуылшысы,былтырғы жылы «Ақтөбенің» қосалқы құрамының капитаны болған Абылайхан Тотай тамаша гол соғып, «Жетісу» жанкүйерлерін бір желпіндірді. Саломов, Аверченко қонақтар тарапынан бір-бір голдан соқса, 88-минутта Олег Недашковский есепті теңестіріп, «Қайратқа» бір ұпай сыйлады. «Ордабасы» – «Ертіс» – 1:3 (0:0) Доп соққандар: Струков өз қақпасына 55 (1:0), Ковель 71 (1:1), Шабалин 73 (1:2), Бақаев пенальтиден 90+3 (1:3) Ескертулер: Арури 5, Мухтаров 40, Лёвин 68, Карпович 83, Чернышов 37, Иванов 89 Алаңнан қуылды: Арури 37 «Ордабасы»: Григоренко, Мұхтаров, Сүюмбаев, Карпович, әшірбеков (к) (Мвесигва 60), Б. Кожабаев (Лёвин 65), Абдулин, Чагелешвили (Мальцев 82), Бабатунде, Касьянов, Арури Қосалқы құрам: Отарбаев, Нургалиев, Бейсенов, Жумаханов  «Ертіс»: Котляр, Чернышов, Кучера, Аяғанов, Кульчий, Чичулин, Шомко, Иванов (к), Юрин (Ковель 60), Струков (Шабалин 67, Халмуратов 86), Бақаев  Қосалқы құрам: Джоджо, Бегалин, Чучман, Говедарица Шымкент қаласында өткен «Ертіс»­ — «Ордабасы» кездесуі өте тартысты өтті. Екі команда жеңіс үшін аянып қалмады. Бірінші таймда есеп ашылмағанмен, есесіне шымкенттік қорғаушы Арури алаңнан қуылды.  Ал үзілістен кейін павлодарлық команданың шабуылшысы  Сергей Струков өз қақпасына гол соғып алды. «Ертістің» бас бапкері Талғат Байсуфинов Струковты бірден Шабалинге ауыстырды. Ал Юриннің орнына шыққан белоруссиялық шабуылшы Ковель есепті теңестіре алды. Араға екі минут салып, Павел Шабалин Керекуден келген команданы алға шығарды. Төреші қосқан қосымша уақытта былтырғы жылғы чемпионаттың үздік сұрмергені Ұлықбек Бақаев  пенальтиді сәтті орындап, есепті еселей түсті. «Восток» – «Ақтөбе» – 0:1 (0:0) Доп соққандар: Логвиненко 80 (0:1) Ескертулер: Ньянг 5, Д. Шмидт 47, Сохна 60, Әлиев 74, Арзуманян 14, Землянухин 23, Бикмаев 90  «Восток»: Нестеренко (к), Шевченко, Абу Бакр, Молтусинов, Мур, Д. Шмидт, Сохна, Санчез, Әлиев (Костюк 76), Досмағамбетов (Удалов 84), Ньянг.  Қосалқы құрам: Бәйтереков, Соболев, Эрбес, Нұрлыбаев, Жүсіпов «Ақтөбе»: Сидельников, Мұлдаров, Бадло (к), Мирошниченко, Землянухин (Ковальчук 62), Хайруллин Арзуманян, Логвиненко, Гейнрих (Гридин 75), Бикмаев, Кападзе.  Қосалқы құрам: Нәрзіқұлов, Харабара, Сыдықбек, Примус, Шәлекенов. Премьер-лигаға қайта оралған Өскеменнің «Восток» командасы еліміздің төрт дүркін чемпионы «Ақтөбені» қабылдады. Маусымаралық үзілісте екі команда  бас бапкерлерін ауыстырған болатын. Елімізге танымал Владимир Никитенко мен  Фомичев – аталған ұжымдардың жаңа жаттықтырушылары. Фомичевтің қайта жасақтаған «Восток» командасы «Ақтөбеліктерге» қарсы өте жақсы ойын көрсете білді. Бұл ойында шығыс командасына жаңадан қосылған  Раданфах Абу Бакр, Вальтер Мур,Роман Санчез, Эбрима Сохна, Папа Ньянг сияқты легионерлер өздерінің алғашқы кездесулерін өткізді. Ал ойынның тағдырын 80-ші минутта Логвиненконың соққан голы шешті. Ойын соңына дейін осы есеп сақталып, батыс командасы маңызды үш ұпайға қол жеткізді.    Бек Төлеуов
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×