"Реал" "Сельтаны" жеңіп, бірінші орынға көтерілді

25.10.2015, 03:44
"Реал" "Сельтаны" жеңіп, бірінші орынға көтерілді
"Сельта" чемпионатта тұңғыш рет жеңіліп отыр. Қос команда арасындағы кездесу өте тартысты өтті. Маусым басында өз алаңында "Барселонаның" өзің қапыда қалдырған "Сельта", матчты белсенді бастағанымен, "Реал" есеп ашты. Лукас Васкес орындауындағы тамаша пасты Роналду голға ұластыра білді. Жылдам гол жіберіп алған алаң иелері, Навас қақпасын торуылдауға көшті. Алайда, костар-рикалық азамат командасын бірнеше мәрте құтқарып қалды. Ал, 23-шы минутта "Реалдың" оң қапталдағы қорғаушысы Данило патшалық клуб сапындағы алғашқы голын салды. Екінші таймның басында "Сельтаның" футболшысы Кабраль алаңнан қуылып, командасын қиын жаңдайда қалдырды. Әйткенмен, алаң иелері беріле қойған жоқ. Шабуылдауды тоқтатқан жоқ. Негізгі уақыт аяқталуға бес минут қалғанда Нoлито, жиырма метрдей жерден тоғыздықты дәл көздеп есеп айырмасын қысқартты. Бір минут өтер-өтпестен Гвидеттиде есеп теңестірестін мүмкіндік болған. Бірақ, алаңға тыңнан қосылған футболшының тепкен добы қақпа бағанасынан бірнеше сантиметр ғана қиыс кетті. Ал, қосымша уақытта қарсы шабуылда қырағылық танытқан Марсело, "Реалдың" үшінші голын салып матч нүктесін қойды. «Сельта» - «Реал» 1:3 (0:2) Голдар:Роналду, 8 (0:1); Данило, 23 (0:2); Нолито, 85 (1:2); Марсело, 90+5 (1:3)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×