"Челсидің" кезекті сәтсіздігі

25.10.2015, 04:11
"Челсидің" кезекті сәтсіздігі
Бұл жолы "ақсүйектерді" "Вест Хэм" жерге қаратты.  Ағылшын Премьер-Лигасының 10-шы туры Моуриньо командасының кезекті жеңілісімен басталды. Лондондық дербиде сүрініп, "Челси" маусымда 5-шә мәрте жеңілді. Ойынның 17-ші минутында гол жіберіп, оған қоса бірінші тайм аяқталар тұста Матичтің арқасында бір адамға кем қалып, дегенмен де екінші таймда "Челсидің" есепті теңестіруге күш тапқаны, әрине, мақтауға тұрарлық. Алайда, "Вест Хэм" түбі жеңісті жұлып әкетті. 45 минут бойы 10 адаммен ойнаған "Челсидің" ойыны нашар болды деуге келмес. Дегенмен, тарихта ойын емес, қорытындысы есеп, нәтиже сақталып қалары анық. Ал, "ақсүйектердің" бүгінгі нәтижесі мен кестедегі орны адам шошырлықтай. Өткен маусымда дәл осы команда АПЛ-дың алтының алды деуге сенудің өзі қиын. АПЛ. 10-шы тур.  "Вест Хэм" — "Челси" 2:1 Голдар: Сарате, 17, Кэрролл, 79 — Кэхилл, 56 "Лестер"-"Кристал Пэлас" 1:0(0:0) Гол: Варди, 60(1:0) "Астон Вилла"-"Суонси" 1:2(0:0) Голдар: Айю, 62(1:0) Сигурдссон, 68(1:1). Айю, 87(1:2). "Сток Сити"-"Уотфорд" 0:2(0:1) Голдар: Дини, 43(0:1). Абди, 69(0:2). "Норвич"-"Вест Бромвич" 0:1(0:0) Гол: Рондон, 46(0:1)
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×