Ресейлік футболшы - Қазақстанның ең қымбат ойыншысы

18.06.2013, 22:49
Ресейлік футболшы - Қазақстанның ең қымбат ойыншысы

 Қазанның «Рубинінен» «Ақтөбе» клубына ауысқан ресейлік шабуылшы Сергей Давыдовтың құны 2,8 млн еуро, деп жазады Sports.kz. 

Бұл көрсеткіш Қазақстан біріншілігінде ең үздік деп саналады. Алматылық «Қайраттың» финдік жаңа ойыншысы Алексей Еременконың құны 1,2 млн еуро, ал қарағандылық «Шахтердің» армян ойыншысы Геворк Казарян – 1 млн еуро, «Астананың» бразилиялық қорғаушысы Зелао, «Тараздың» португалиялық жартылай қорғаушысы Мануэль Курто мен «Ақтөбенің» өзбек шабуылшысы Александр Гейнрих – 800 мың еуро. Қазақстандықтардың арасында құны жағынан «Қайраттағы» Жамбыл Көкеев, «Ақтөбедегі» Алексей Мулдаров және «Астанадағы» Таңат Нөсербаев алғашқы орында, отандық ала доптың қас шеберлері 500 мың теңгеден алады екен. baq.kz
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×