Франк Рибери мен Карим Бензема сот алдында жауап береді

18.06.2013, 15:31
Франк Рибери мен Карим Бензема сот алдында жауап береді

Астана. 18 маусым. Baq.kz – Францияның әйгілі футболшылары Франк Рибери мен Карим Бензема кәмелетке толмаған жасөспіріммен жыныстық қатынасқа түсті деген айыппен сот алдында жауап беретін болады. Бұл жайында Би-би-си хабарлайды.

Мюнхендік "Бавария" ойыншысы Рибери тағылған бұл айыпты мойындап отыр. Дегенмен, Захия Дахар есімді жезөкшенің 16 жастағы жеткіншек екендігін білмеппін дейді ол. Ал, мадридтік "Реал" шабуылшысы Бензема болса ешқандай қылмысқа қатысым жоқ дегенді айтып отыр. Тіпті, жезөкшелермен көңіл де көтермедім дейді. Қалай болғанда да, әлем футболының екі жұлдызы Франция сотының алдында жауап бермек. Ал, Захия Дахар болса дәл қазір 21 жаста. 5 жыл бұрын ол қос футболшыға өзінің жасын өтірік айтып, оларға расында да қызмет көрсеткендігін жасырмады.

baq.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×