«Рига» бапкері: «Қайратқа» қарсы ойында Еурокубоктағы алғашқы ұпайларымызды аламыз»

Бүгін, 12:40

Латвияның «Рига» клубының бас бапкері Адриан Гуля УЕФА Конференциялар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайратқа» қарсы алғашқы тур матчы алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Рига» бапкері: «Қайратқа» қарсы ойында Еурокубоктағы алғашқы ұпайларымызды аламыз»
Adrián Guľa

Маман команданың алдағы кездесуге дайындығы мен жанкүйерлердің қолдауынан күтетін үміті туралы RSS.lv басылымына ауыз ашты.

«Әзірге құрам өзгеретін-өзгермейтінін білмеймін, бірақ бұл басты мәселе емес. Барлық ойыншы дайын болуы керек, өйткені бұл – клуб және оның жанкүйерлері үшін өте маңызды матч. Біз Еурокубоктағы алғашқы ұпайларымызды алуға тырысамыз. Менің ойымша, жақсы ойын көрсетуге мүмкіндігіміз бар», – деді Адриан Гуля.

Бас бапкер жанкүйерлердің қолдауына да үміт артып отыр. Оның айтуынша, трибунаға көп жанкүйер жиналып, команданың ойынынан және ықтимал жеңісінен қуаныш алса деген тілегі бар.

Гуля бұл пікірін Латвия чемпионатында «Тукумс 2000» командасын 2:0 есебімен жеңгеннен кейін білдірді. Маман «Қайратқа» қарсы матчта тактикалық тұрғыдан дұрыс дайындалып, сапалы ойын көрсету маңызды екенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×