Роберт Бергер қанжығасын майлады

03.05.2015, 18:18
Роберт Бергер қанжығасын майлады
Футболдан Қазақстан жастар құрамасы мен германиялық «Энергиде» өнер көрсететін Роберт Бергер үшінші неміс лигасында гол соқты. Бергердің клубы қонақта «Унтерхакинг» командасымен күш сынасқан. Жақында ғана жарақатынан айыққан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы кездесудің 8-минутында көзге түсті. Рас, бұл гол жеңіске жету үшін жеткіліксіз болды. Матч 3:3 есебімен тең аяқталды.    
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×