Роналдуның хет-тригі "Реалға" жеңіс әкелді

03.05.2015, 16:12
Роналдуның хет-тригі "Реалға" жеңіс әкелді
"Севилья" мен "Реал Мадрид" арасындағы кездесу толықтай жанкүйерлер үмітін ақтады. "Роман Санчес Писхуан" стадионы испан футболының екі айдаһары үшін де ыңғайсыз стадиондардың бірі. Екі-үш апта бұрын 2 гол салса да, "Барселона" тең нәтижені қанағат тұтып қайтқан болатын. Бүгін де Эмери шәкірттері қарсылас қақпасын 2 мәрте дәл көздеді. Португалиялық Роналду үш гол тоғытып командасына 3 ұпай сыйлады. Енді "Барселона" мен "Реал Мадрид" арасын тағы 2 ұпай ғана бөліп тұр. Мәреге дейін 3 тур. Анчелотти командасы үшін қалған ойындар соншалықты қиын болмаса, Энрике командасы 37-ші турда қонаққа "Атлетикоға" бармақ. Егер де, сонғы тур қорытындысы бойынша, екі ұжымның ұпай саны тең болса, онда "Реал Мадрид" чемпион атанады. Себебі, "Барселонамен" жеке кездесулерде бір голға басымдылық бар. Естеріңізге сала кетсек, маусымдағы алғашқы эль-класико Мадридте алаң иелерінің жеңісімен(3:1) аяқталса, Католониядағы текетіресте "Барселона"(2:1) басым түскен еді. «Севилья» - «Реал» 2:3 (1:2) Голдар:Роналду, 36 (0:1). Роналду, 37 (0:2). Бакка, 45 (1:2, пенальтиден). Роналду, 70 (1:3). Иборра, 79 (2:3)

ЖАРЫС КЕСТЕСІ 

 
1  БАРСЕЛОНА 35 28 3 4 105-19 87
2  РЕАЛ МАДРИД 35 28 1 6 105-32 85
3  АТЛЕТИКО 35 23 7 5 65-26 76
4  ВАЛЕНСИЯ 34 20 9 5 61-26 69
5  СЕВИЛЬЯ 35 21 6 8 65-41 69
6  ВИЛЬЯРЕАЛ 35 14 12 9 45-32 54
7  АТЛЕТИК 35 13 9 13 34-38 48
8  МАЛАГА 34 13 8 13 36-40 47
9  ЭСПАНЬОЛ 34 12 9 13 41-43 45
10  СЕЛЬТА 34 12 9 13 40-38 45
11  РЕАЛ СОСЬЕДАД 35 10 13 12 40-44 43
12  РАЙО ВАЛЬЕКАНО 34 13 3 18 39-62 42
13  ЭЛЬЧЕ 34 10 7 17 31-57 37
14  ХЕТАФЕ 34 10 6 18 28-52 36
15  ЛЕВАНТЕ 35 9 8 18 32-63 35
16  ЭЙБАР 34 8 7 19 29-49 31
17  АЛЬМЕРИЯ 34 8 7 19 29-55 31
18  ДЕПАРТИВО 35 6 12 17 30-57 30
19  ГРАНАДА 34 4 13 17 22-63 25
20  КОРДОВА 35 3 11 21 21-61 20

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×