Руслан Валиуллин: «Біздің бүкіл философиямыз тек шабуылға негізделетін болады»

02.09.2021, 03:46
Руслан сөзсіз бүгінгі матчтың қаһарманы атанды.
Руслан Валиуллин: «Біздің бүкіл философиямыз тек шабуылға негізделетін болады»

Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Руслан Валиуллин Украинаға қарсы өткен ойынға (2:2) қатысты пікір білдірді.

- Құттықтауларыңызға көп-көп рахмет. Ойын қиын болды, біз екі рет есепті теңестіруге мәжбүр болдық. Қазақстан ұлттық құрамасында ойнау мен үшін әрқашан мәртебе, оның үстіне, бұл еліміздің бас командасы үшін соққан бірінші голым. Мен бұл голдарды әжеме арнағым келеді, себебі ол бір күн бұрын дүниеден озды. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін баршаңызға рахмет.

- Жанкүйерлердің қолдауын сағындыңыз ба?

- Иә, карантин жағдайында біз жанкүйерлерсіз ойнадық, ұзақ уақыт бойы жанкүйерлер тарапынан қолдауды сезіне алмадық. Бүгін олар бізге қолдау көрсетті, серпін берді, алға жетеледі, сондықтан біз соңына дейін ойнадық. Дәл осы себепті де бір ұпайға қол жеткіздік.

- Екінші таймда сіз шабуылға белсене араластыңыз. Жаттықтырушының ойы осылай болды ма?

- Әрине, Талғат Маруаұлы үнемі футбол ойна, қорықпа, қорғаныста отырма дейді. Допты қорғаныста қалдырмауға тырысыңыз. Біздің бүкіл философиямыз тек шабуылға негізделетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×