Руслан Валиуллиннің соққан қос голы Қазақстанға бір ұпай сыйлады

02.09.2021, 03:02
Қарсыластар 93-минутта алға шығып еді, Валиуллин 95-минутта жауап қайтарды.
Руслан Валиуллиннің соққан қос голы Қазақстанға бір ұпай сыйлады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Катар жерінде өтетін әлем чемпинатының іріктеу кезеңі аясында Украинамен тең ойнады. Матч Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана-Арена" стадионында өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. 

Кездесудегі есепті қонақтар ашты. Екінши минутта "Бенфиканың" шабуылшысы Роман Яромчук әдемі соққы жасап, Стас Покатиловты қапыда қалдырды. 

Бірақ 74-минутта Асхат Тағыбергеннен тамаша пас алған Руслан Валиуллин гол соғып, есепті теңестірді. Ал ойынның 90+3 минутында алаңға тыңнан шыққан Даниил Сикан айып алаңындағы қарбаласты өз пайдасына жаратып, Украина құрамасын алға шығарған. 

Алайда біздің жігіттер соңына дейін берілмеді. 90+6 минутта Руслан Валиуллин ойындағы екінші голын соғып, таразы басын тағы да теңестірді. Осылайша матч та өз мәресіне жетті. Екі құрамалар еншілеріне бір-бір ұпайдан салды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Д тобында екі ұпаймен төртінші орынға көтерілді. Ал төрт матчта да тең түскен Украина екінші орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×