Дастан Сатпаев өнер көрсететін Ағылшындық «Бёрнли» клубы Чемпионшиптің 2026/27 жылғы маусымында әлі де жеңіске жете алмай келеді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Жаңа маусымның алғашқы сегіз матчында команда төрт рет тең түсіп, төрт рет жеңіліске ұшырады. Осылайша, «Бëрнли» турнирде әлі бірде-бір рет жеңіс қуанышын сезінбеген жалғыз клуб болып отыр.
Сегізінші турға дейін қоржынында жеңісі болмаған «Кардифф» өз алаңында «Чарльтонды» 3:1 есебімен ұтып, бұл тізімнен шықты. Сонымен қатар «Дерби Каунти» мен «Престон» командаларында бір-бір жеңістен бар.
Сегіз турдың қорытындысы бойынша 17 ұпай жинаған «Суонси» Чемпионшипте көш бастап тұр. Ал үздік үштікте 15 ұпайдан еншілеген «Вест Хэм» мен «Мидлсбро» клубтары келеді.