Сеск Фабрегас Барселонаға ауысты

17.08.2011, 00:49
Сеск Фабрегас Барселонаға ауысты
Арсенал жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас Барселонаға ауысты. Биылғы жаздың футболдағы басты тақырыбы болған келісімге ақыры нүкте қойылды. 24 жасар футболшы дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін, Каталония командасымен бес жылдық келісім-шартқа отырды. Ат айналып, қазығын табады. Аталардың айтқаны тура Фабрегастың алдынан шықты. 2003-ші жылы Барселона академиясынан 16 жасында ағылшын жеріне сапар шеккен ойыншы толысқан шағында қайта оралды. Арсеналмен бірге Англия кубогы мен суперкубогын ұтып алған футболшының құны 30 миллион фунтқа бағаланды. Егер Фабрегастың жаңа командада ойыны жүрсе, қосымша бес миллион тағы ағылшын клубының бюджетін толтырады. Жартылай қорғаушы Барса сапында өзінің сүйікті төртінші нөмірімен ойнайды. "Хабар" агентігі
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×