Шетелдік бапкер Максим Самородовтың талантына тәнті

13.06.2025, 15:54

«Ақтөбенің» бұрынғы бас бапкері Алексей Бага Максим Самородовтың өнерін бағалап, пікірін айтты.

Шетелдік бапкер Максим Самородовтың талантына тәнті
Максим Самородов "Ахмат" сапында

Сондай-ақ, Беларусь маманы Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысының мансабына қатысты ойын ортаға салған болатын.

«Макс бірінші күннен өзінің шынайылығымен баурап алады. Жаттығудағы көзі мен балалығы...  Бірде оқу-жаттығу жиындарында «Аланияға» 3 гол салған. Ойыннан кейін (Игорь) Прохницкий: Мына Самородовың нағыз сары алтын ғой» деген болатын. Бұл футболшымен жолымыздың түйіскеніне қуаныштымын. Оның өз өкілдері бар. Келісімшартында талаптары мен ниетін көрсетіпті. Енді Максимнің мансабы жемісті болса деп тілеймін. Ол РПЛ деңгейінде өзін жақсы қырынан таныта алған талантты футболшы әрі құрама мүшесі. Бірақ, бұл әлі де Максимдегі шеберліктің шыңы емес», - деді А. Бага «BorodAbata.kz» сайтына берген сұқбатта.

РПЛ-бің өткен маусымында Максим Самородов 8 гол соғып, 4 нәтижелі пастың авторы атанды. “Ахматпен” келісімшарты 2028-жылдың маусымына дейін жарамды. Максим Самородовтың трансферлік бағасы 2,50 млн еуро.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×