Молдовалық футболшы: ҚПЛ-дегі клубтардың қаржылық әлеуеті Суперлигадан әлдеқайда жоғары

13.06.2025, 13:58

ҚПЛ-де біраз клубтың намысын қорғаған молдовалық шабуылшы, бүгін қостанайлық «Тобылдың» жасөспірімдер командасын жаттықтыратын Сергей Бугаев Молдова-Қазақстан футболын салыстырып, Дастан Сәтпаев туралы пікірімен бөлісті.

Молдовалық футболшы: ҚПЛ-дегі клубтардың қаржылық әлеуеті Суперлигадан әлдеқайда жоғары
Дастан Сәтпаев

«Бұл жердегідей, Молдовада да бапкерлердің біліктілігіне байланысты біраз мәселелер бар және әрине инфрақұрылымды қосуға болады. Молдовадағы «Шерифтікіндей», Қазақстанда «Қайраттағы» жағдай барлық командада бірдей жоқ. Сондай-ақ, ҚПЛ-дегі клубтардың қаржылық әлеуеті Суперлигадан әлдеқайда жоғары, осының арқасында Қазақстанда сапалы легионерлер саны да көп. Бұған тағы үкіметтің жергілікті футболға жасап отырған қолдауын қосу керек. Осының нәтижесінде талантты балалардың кәсіби футболда қалу мүмкіндігі мол.

Дастан Сәтпаевтың өнері Қазақстанда 10 жыл бұрын жасөспірімдердің тәрбиесіне үлкен көңіл бөліне бастағанының дәлелі.  Ол – үлкен талант, бірақ жақын арада оның есімін ғана айтпаймыз. Өсіп келе жатқан тағы біраз өрен бар», - деді молдовалық маман.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев осы жылдың ақпанында «Челсимен» келісімшартқа отырды. 16 жасар шабуылшы «ақсүйектер» сапына 2026-жылы кәмелетке толғанда барып қосылмақ. Оған дейін алматылық «Қайрат» намысын қорғайды. Дастан ҚПЛ-2025-тің 12 кездесуіне қатысып, 8 гол мен 3 ассисттің авторы атанды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×