Шолу. Премьер-лига. ХV тур

04.07.2012, 05:14
Шолу. Премьер-лига. ХV тур
   Футболдан ел премьер-лигасының ХV тур ойындары да аяқталды. Топ басындағы «Тобыл» өз орнын «Шахтерға» босатып, турнир кестесінің үшінші сатысына сырғыды. Адуынды «Ақтөбе» талдықорғандық «Жетісуға» азуын батыра алмады. Ал қалған бес ойын біз болжаған нәтижені көрсетті.

 Біз күтпеген нәтиже

 Футболдан ел премьер-лигасының ХV турының алдында aladop.kz осы турдағы ойындарға болжам жасаған болатын. Айтқанымыз айдай келмесе де біз болжаған бес ойында сол нәтижелер тіркелді. Ал біз күтпеген нәтижелер төмендегі ойындар болды.

«Тобыл» тізгінді берді

Қарағандыда жергілікті команда «Шахтер» топ басында келе жатқан «Тобылды» қабылдады. Алаңға жиналған 9000 жанкүйер өз командасына барынша қолдау көрсетті. Естеріңізде болса ел премьер-лигасының ІІІ турында жолыққан екі команда арасындағы ойында қостанайлық команда 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. «Шахтер» соның бүгін есесін қайтарды. Алғашқы минуттардан-ақ «кеншілер» командасының басымдығы байқалды. Екі минут өтпей-ақ екі бірдей бұрыштама добын орындады. 7 минуттағы Луниннің бағыттаған соққысы қақпа бағанасынан сәл ғана қиыс кетті. Мұның барлығы жергілікті жанкүйерлердің жеңіске деген сенімін арттыра түсті. «Шахтер» дегеніне 27 минутта жетті. Мақсат Байжановтың бірге-бір шығып бағыттаған соққысын қақпашы Петухов қайтара алмады. Сонымен таблодағы нәтиже өзгерді. Қостанайлық команда алғашқы таймда-ақ ойыншы алмастырды. Алаңда ойнаған Седельниковтың орнына  Костюк кірді. Алайда қарағандылық команда өз басымдығын арттыра түсіп екінші голын соғуға тырысып бақты. Ойынның 57-ші минутында қостанайлық команданың ойыншысы Шливич бір голды өз еншісіне жазды. Бірақ қарсылас қақпасына емес, өз қақпасына. Автогол. Есеп 2:0. 77-ші минутынтта «Тобылдың» шабуылшысы Игорь Бугаев қарсыласын тепкені үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. 84-ші минутта алаңға енді ғана шыққан Вишняков сол қанаттан алға суырылып шығып, қарсыластар қақпасына бағыт алған Вичюске пас берген. Алайда, Вичюстің ұрған добын Петухов қақпа сыртына қайырып үлгерді. Ал араға үш минуттай салып, Жамбыл Көкеевтің берген пасын Никола Василевич қарсыластар қақпасына баспен ұрып тоғыта салды. Сонымен 3:0 есебімен «кеншілер» командасы айқын басымдықпен жеңіске жетті. Топ тізгінін «Шахтер» өз қолына алды. Шахтер - Тобыл 3:0 (1:0) Голдар: Байжанов 27, Шливич 57 автогол, Василевич 86 Ескертулер: Финонченко 72 - Концевой 72 Алаңнан қуылды: Бугаев 76 Шахтер: Мокин, Парываев, Джидич, Василевич, Киров, Аресниджевич (Вишняков 79), Байжанов (Каньяс 75), Вичюс, Кукеев, Лунин (Махамбетов 66), Финонченко (к) Қосалқы құрам: Григоренко, Борантаев, Боровский, Тарасов Тобыл: Петухов, Концевой, Джоннес (Аверченко 50), Богданов, Бугаев, Шливич, Жұмасқалиев (к), Волков, Кислицын, Жолшиев (Сүлей 83), Седельников (Костюк 35) Қосалқы құрам: Рихард, Головской, Мангуткин, Мокроусов Төрешілер: Соколов (Астана), Текиев, Журавлев (бәрі де – Павлодар) 1 шілде. Қарағанды. «Шахтер». 9 000 жанкүйер

 «Жетісу» желпіне ала ма?

 Талдықорғанда жергілікті команда «Жетісу» «Ақтөбемен» тең ойнады. Есеп 1:1.  Алаң иелері алғаш болып есеп ашқанмен, араға небәрі бір минут салып қонақтар есепті теңестіріп кетті. «Жетісу» сапынан көзге түскен Белич болса, «Ақтөбе» командасынан Лисенков ерледі.   Талдықорғандағы ойын тартысты өтті. Ойынның 23 минутында ақтөбеліктер сапынан Марат Бикмаев ойын ережесін өрескел бұзып, алаңнан қуылды. Бұл жергілікті команданың жеңіске жетуіне жол ашылғандай көрінген болатын. Алайда еліміздің төрт дүркін жеңімпаздарын жүрелету «Жетісу» қолынан келмеді. Талдықорғандық ұжым келесі турда көш басындағы «Шахтерді» өз алаңында қабылдайды. Бұл жолы «Жетісу» желпіне алар ма екен? Жетісу – Ақтөбе 1:1 (1:1) Голдар: Белич 5 (1:0), Лисенков 6 (1:1) Ескертулер: Белич 23, Михайлов 68 – Куат 79 Алаңнан қуылды: Бикмаев 23 Жетісу: Логиновский, Михайлов, Даутов, Мұқанов, Добрашинович, Мужиков, Джалович, Скорых, Белич, Щеткин, Костич (Юнузович 46) Қосалқы құрам: Степаненко, Коробов, Ковалев, Сариев, Спанов, Кумисбеков. Ақтөбе: Сидельников, Бадло, Примус, Смаков, Хайруллин (Климавичус 84), Кенжисариев, Лисенков (Куат 72), Ковальчук (Землянухин 93), Гейнрих, Бикмаев, Кападзе Қосалқы құрам: Нарзикулов, Дарабаев, Логвиненко, Курмашев Төрешілер: Рахымбаев (Алматы), Көпжасар, Саркутов (бәрі - Қызылорда) 1 шілде. Талдықорған. «Жетісу». 1500 көрермен  

 Біз болжаған бестік

  «Қайрат» командасы бапкер ауыстырғалы терезесі тең ойын көрсетуден жаңылмай келеді. Өз алаңында «Атырауды» қабылдаған алматылық ұжым алғашқы айналымда жіберген есені қайтарамыз деп шыққан еді. Бірақ ойын соңындағы таблодағы көрсеткіш 1:1 көрсетті. Қайрат - Атырау 1:1 (1:0) Голдар: Джорджевич 12 (1:0), Сигурдссон 66 (1:1) Ескертулер: Ахметов 64 - Куцов 85, Миланкович 87 Қайрат: Нұрмұхаметов, Гурман, Воротников, Джорджевич, Калинин, Шестаков, Утробин (Узденов 65) Вяткин, Эредиа, Розыбакиев (Йованович 55), Ахметов (Абдраимов 70) Қосалқы құрам: Шабанов, Кунов, Таласбаев, Макаев Атырау: Бойченко, Чуреев, Азовский, Куцов, Овшинов, Миланкович, Семенов (Хохлов 61), Фомин (Шафф 52), Бикеев (Сараев 30), Сигурдссон, Буач Қосалқы құрам: Плотников, Самченко, Тркуля, Мадиев Төрешілер: Карлибаев (Уральск), Бельский, Филоненко (оба - Тараз) 1 шілде. Алматы. Орталық стадион. 6500 көрермен   «Ақжайық» өз алаңында «Астанаға» есе жіберді. Оралдық команда премьер-лигадағы жылдам гол соғушы командалардың бірі еді. Бірақ бұл жолы жылдам гол өткізіп алды.   Ойын алаң иелерінің шабуылдарымен басталды. Зеньковичтің тура бағыттаған соққысы қақпашы қолынан табылды. Ал ойынның бесінші минутында Ұлан Қонысбаев күтпеген жерден гол соғып кетті. Мұны Ұланның өзі де күтпесе керек. Доп қақпадан жоғары кетті екен деп ойлады. Бірақ бұл кезде доп қақпа төрінен табылған болатын. Астаналық команданың жеңіске жетуіне Ұланның жалғыз голы жеткілікті болды. Ойын соңынан: «Астана» командасының бас бапкері Мирослав Беранек: -          Біз «Ақжайықтың» ойынын білеміз, команда күтпеген жерден алға шыға алады. «Ақжайық» сапында үздік шабуылшы бар. Ол – Зенькович. Біз Зеньковичке сақ ойнауға тырыстық. Айта кетері біз голды күтпеген жерден салдық. Бұған біріншіден қатты желдің пайдасы мол болған секілді. «Ақжайық» командасының бас бапкері Йозеф Шкрлик: -          Біз Оралға қандай команда келгенін білеміз. Алғашқы таймда тепе-теңдікті сақтадық. Ал екінші таймда бізде бір емес, 3-4 мүмкіндік болды. Бірақ біз оны пайдалана алмадық.  Ақжайық - Астана 0:1 (0:1) Гол: Қонысбаев 5 Ескертулер: Хаиров 74 - Конысбаев 86. Ақжайық: Цирин, К. Алиев (к), Хлебоун, Данаев (Мальцев 85), Хаиров, Забродин (Стойчев 70), Коструб, Азовский (Зотов 46), Семлер, Черны, Зенькович Қосалқы құрам: Шевцов, Эрбес, Омаров, Багаутдинов. Астана: Эрич, Мухтаров, Рожков, Лазаревски, Дмитренко, Нурдаулетов (к) (П. Алиев 90+1), Қонысбаев (Шахметов 88), Коробкин, Бодионг, Нусербаев (Гридин 58), Остапенко Қосалқы құрам: Белкин, Бейсебеков, Горячий, Прокопенко. Төрешілер: Вишниченко (Қостанай), Ходин, Шарипов (Бәрі- Атырау) 1 шілде. Орал. 7500 көрермен    Біз болжаған «Ертіс» және «Оқжетпес» ойынында керекулік команда айқын фаворит екенін айтып өткен болатынбыз. Өткен ғасырда «Ертіс» үшін өз алаңында көкшетаулық команда өте «ыңғайсыз» қарсылас болған екен. Және де үш рет өз алаңында есе жіберген. Ал қазіргі «Ертіс» мүлде басқа қарқында.   «Ертіс» бұл жолы Давид Лориясыз алаңға шықты. Лория түркиялық «Ризеспор» командасымен келіссөздер жүргізуде.   Тарих парақшасына үңілер болсақ екі команда өзара 25 кездесу өткізіп, оның 20-да Ертіс бойының командасы басымдығын танытқан болса, небәрі 4 ойында ғана көкшетаулық команда жеңіске жеткен. Ал бір ойын тең аяқталыпты. Ал ХV  турда «Ертіс» өз жеңістерінің санын ұлғайта білді. Ертіс - Оқжетпес 3:0 (2:0) Голдар: Иванов 11, Юрин 32, Струков 90+3 Орындалмаған пенальти: Бакаев 27 Ескертулер: Чичулин 28, Струков 90 – Дяк 10, Михайлюк 26, Чагелишвили 34. Ертіс: Котляр, Шомко, Чичулин, Кулибали, Кучера (Чернышов 59), Говедарица (Струков 73), Иванов, Юрин, Шабалин (Аяганов 75), Эссомба, Бакаев. Қосалқы құрам: Калмыков, Утабаев, Байжанов, Яковлев. Оқжетпес: Багинский, Кучма (Токенов 61), Чучман, Мендизов, Дяк, Милованович, Головешкин (Просеков 62), Досмагамбетов, Чагелишвили, Янкеп (Э.Алиев 10), Михайлюк. Қосалқы құрам: Нургалиев, Чудинов, Кенетаев, Осипчук. Төрешілер: Ысқақов (Астана), Васюкин, Тергеусізов (бәрі - Алматы). 1 шілде. Павлодар. 3000 көрермен   «Ордабасы» мен «Сұңқар» командалары өз тарихында екінші рет кездесіп отыр. Алғашқы ойын Алматыда тең аяқталған болатын. Ал Шымкенттегі ойында алаң иелері жеңіске жетті.   Алғашқы таймда қонақтар бір доп айырмасымен басымдық танытып шыққан еді. Алайда үзіліс кезінде Виктор Пасулько шәкірттеріне оңды кеңес берген секілді. Екінші таймда «Ордабасы» ойран салды десек те болады. Дәуренбектің дублі мен Бабатунде соққан голдар шымкенттіктерге жеңіс сыйлады. Ордабасы – Сұңқар 3:1 (0:1) Голдар: Байтана 6 (0:1), Тажимбетов 46 (1:1), Бабатунде 61 (2:1), Тажимбетов 83 (3:1) Ескертулер: Әшірбеков 24, Мвесигва 48, Касьянов 79, Тажимбетов 83 – Савенас 44, Байтана 58, Халмуратов 79 Ордабасы: Бекбаев, Б. Кожабаев, Мвесигва, Трайкович, Арури, Карпович, Касьянов, Пахолюк, Аширбеков (Бейсенов 72), Бабатунде (Гуйе 84), Тажимбетов (Адырбеков 86) Қосалқы құрам: Нестеренко, Ирисметов, Жалмагамбетов, Суюмбаев Сұңқар: Пасеченко, Харабара (Кусаинов 75), Нохунек, Тонев, Недашковский, Вукобратович, Байтана (Серикжанов 62), Халмуратов, Нұрғалиев, Савенас (Оскенбаев 65), Овсянников Қосалқы құрам: Кувшинов, Молдагалиев, Кукеев, Сабиров Төрешілер: Абданбаев (Тараз), Лесив, Мухамедьяров (бәрі де - Семей) 1 шілде. Шымкент. Орталық стадион. 2500 көрермен   «Тараз» өз алаңында «Қайсардан» 1:0 есебімен басым түсті. Ойындағы жеңіс голын 74 минутта Бауыржан Исламхан соқты. Естеріңізде болса алғашқы айналымда тараздықтар «Қайсарды» 1:2 есебімен жеңіп кеткен болатын. Сол ойында да Бауыржан көзге түскен еді. Тараз – Қайсар 1:0 (0:0) Гол: Исламхан 74 Ескертулер: Кучма 15, Сергиенко 45 – Балтаев 7, Малков 14, Анарметов 36, Сыздыков 64 Тараз: Битабаров, Мехмедович, Красич (Бауржан 89), Перич (Одита 62), Вукман, Диакате, Кучма, Исламхан (М. Амирханов 79), Сергиенко, Д. Евстигнеев, Муминов Қосалқы құрам: Бабаханов, В. Евстигнеев, Ахметов, Суюмагамбетов Қайсар: Джоджо, Абдулин, Балтаев, Црногорац, Эсатов, Фахтали, Анарметов (Сыздыков 52), Пархачев (Мамич 70), Малков (Маркович 61), Досманбетов, Тагыберген Қосалқы құрам: Прядкин, Сагындыков, Молдакараев, Нарзилдаев Төрешілер: Бобров (Карағанды), Е. Попов (Өскемен), Будниченко (Екібастұз) 1 шілде. Тараз. «Орталық». 3800 көрермен

Турнир кестесі

О

Команда

О

Ұ

Т

Ұ

Г

Ұ

1

«Шахтер»

15

9

1

5

26 - 11

28

2

«Тараз»

15

9

1

5

15 - 14

28

3

«Тобыл»

15

8

3

4

24 - 18

27

4

«Ертіс»

15

7

5

3

27 - 15

26

5

«Ордабасы»

14

7

4

3

18 - 11

25

6

«Ақжайық»

15

8

1

6

22 - 18

25

7

«Астана»

14

7

3

4

15 - 14

24

8

«Ақтөбе»

15

7

3

5

18 - 11

24

9

«Атырау»

15

5

4

6

13 - 15

19

10

«Қайрат»

15

4

6

5

14 - 19

18

11

«Қайсар»

15

5

2

8

11 - 17

17

12

«Сұңқар»

15

2

6

7

6 - 15

12

13

«Жетісу»

15

3

2

10

16 - 28

11

14

«Оқжетпес»

15

2

1

12

11 - 30

7

 

Үздік сұрмергендер

О

Ойыншылар

Команда

Г (П)

1

Жолшиев Бауыржан «Тобыл»

7 (0)

2

Зенькович Игорь «Ақжайық»

7 (3)

3

Юнузович Эдин «Жетісу»

6 (0)

4

Финонченко Андрей «Шахтер»

6 (0)

5

Юрин Игорь «Ертіс»

6 (0)

6

Тәжімбетов Дәуренбек «Ордабасы»

5 (0)

 

    Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

   
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×