Швед напалеоны - Златан

26.04.2020, 04:49
Отызында орда бұзып, қырқында қырдан асып жүрген- Златан Ибрагимович.
Швед напалеоны - Златан

Шығыстың әйгілі ғұламасы Ғафурдың қызық бір сөзі бар."Салмақты әңгіме жазбақшы болсаң, өтіп кеткен мықтылардың атынан жаз. Сонда әңгіме жазу кезінде сол тарихи тұлғаның сұлбасына айналасың және өзің айталмаған, айтуға именген күшті пікірді қорықпай жазасың",-деген екен.

Әлем футболында Златан Ибрагимович жайлы жазу кезінде менде осындай үстемдік өмір сүрген. Златан болып жазғым келе берген әңгімені. Сонда оның әр бір әрекетін түсінгендей боламын. Швед ұлының біреулерге сиқыр болып көрінген қылықтары, әрекеттері мағыналы көріне бастаған.

Златан әрекеті дегенде нені түсінеміз? Мысалы үшін Балотелли! Италиялық қара нәсілді шабуылшы өзін мақтауда Ибрагимовичтан қалыспайды. Ал шыңдап байқасақ, ол сөздер Балотеллиге жараспайды. Бірақ, Златанды мойындай аламыз. Бір сөз екі адамның аузынан екі түрлі шығады кейде. Олардың атағы соны дәлелдейді. Златанды біреулер Месси мен Роналдудың ғасырында туылып қалғаны үшін жазғырады. Болмаған жаны жоқ сөз. Ол жасыл алаңда Буффон қақпасына гол ұрған кездерде Месси әлі кішкентай бала болған, ал Роналду сондай гол ұруды армандаған. Златанды қай дәуірге өткізіп жіберсеңде, ол сол қалпында қала береді, Марадонна ғасырындада, Пеле ғасырындада. Себебі ол басқаша бола алмайды, басқаша ойнай алмайды.

Мессидің кейбір әрекеттерін Роналду ешқашан қайталай алмайды, Роналдудың мықты соққыларын жасау Мессиға мүмкінсіз жұмыс. Ал, Златан осы екі аңыздың әр бір әрекетін амалға асыра алатынын ойынынан көргенбіз. Тіпті қосымша айтатын болсақ, осы екеуінің ешқашан істей алмайтын акрабатик соққыларын Златан ойнап күліп жасайды.

 Златанның жасы 39 да. Ал кезінде футбол аңызы Зидан 34 жасында өзінің абыройын ойлап, үлкен футболдан кеткен. Ибрагимович қақпашыларға тән болған жаста өте күшті футбол көрсетіп жатыр. Қартайып қалғандығы сезілседе, командасының ең жақсы ойыншысы болып тұр. Франческо Тоттидың ойын ортасынан түсіп, атынағана ойнап жүргені қай жақта, батырымыздың жоғары дәрежеде ойнап жүргені қайда? Арасы аспан мен жердей..

Златан "Алтын допты" тапсырыу мерекесіне үштікке еніпте келу сәті бұйырмаған. Жеті жыл қатарынан Месси 1 ші орында тұрып келді". Оскарды" да соңында ақыры Ди Каприоға тапсырды, алдыңғы фильмдерінен өте төмен болған фильм үшін берді. Назар аударсақ ешкім қарсы болмады, татымайды демеді. Өйткені Леонардо бұл жүлдеге лайықты екенін әлдеқашан дәлелдеп қойған. Ибрагимовичта футболдағы Ди Каприо! Карерасы аяқталар тұста" Алтын допты" тапсырса да Месси мен Роналду оған риза болады... Швед Наполеонының жүрісі тоқтамасын, алар қамалдары көп болсын!

Нұрлыбек Құрманов

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×