Алдымен “Манчестер Сити” қандай команда еді, сол жайлы сөз қозғайық. Бүгінде “қалалықтар” деген қосалқы аты бар, бізге Еуропаның алпауып ұжымдарының бірі ретніде таныс манчестерлік команда 1880 жылы шаңырақ көтергенімен ХХІ ғасырдың табалдырығын аттағанша қатардағы қарапайым құрама саналып келді. Тіпті олардың Англия жоғары лигасында өнер көрсеткендерінен төменгі топтарда бақ сынаған сәттері көп болатын.
Өткен ғасырдағы ұзақ тарихты қозғамаған күннің өзінде олардың осы мың жылдықтың басында да бір мәрте төменгі лигада доп теуіп қайтқандары бар. Қысқасы, “қалалықтар” 2002 жылдан бері ғана Ағылшын прмьер лигасында тұрақты өнер көрсетіп келеді.
“Манчестер Ситидің” даңықты тарихы 2008 жылдан басталды деуге болады. Сол жылы команда тізгінін өз қолдарына алған Арабиялық олигархтар мол көлемде қаржы бөліп бүгінгі күнгі азулы команданы құрып шықты.
Манчестерліктердің бары мен жоғы, оңы мен солы жайлы сөз қозғауымызға себеп болған жағдай, чемпиондар лигасының 1/8 финалында өз алаңдарында “Барселонаға” бағынуы болып отыр. “Қалалықтардың” құрамының қуаттылығы мен ұжымдық әл-әуқатының жоғарылығы жағынан Еуропадығы ең бай клубтардың бірі екені даусыз. Алайда олар әр жылы чемпиондар лигасында жолдан қосылған аутсайдер командадай әсер қалдырады. Өздерімен терезелері тең деп саналатын “Челси”, “Бавария” сынды командаларды былай қойып, құрамындағы ортанқол ойыншыларымен-ақ алпауыттарға азу таныта алатын “Атлетикодай” да қауқары жоқ.
Қаржысы толық, демеушісі дайын, ойыншылары шетінен “сен тұр, мен атайын”- деген мықтылар. Бірақ натиже жоқ. Ендеше бұған кім нінәлі? Сөзсіз: бас бапкер- Мануэль Пеллегрини. Жасы алпыстан ассада атақ-дәрежесі ауыл арасынан ұзай қоймаған тәлімгер таяздығын танытып жүр, тіпті таяу арада “қалалықтармен” бірге биік белесті бағындыра алмайтынын осы екі жылда аңғартып алды. Мүмкін біреулер екі жылдада оның қарсыласы атақты “Барселона” болды дер,бірақ менің айтпағым бұл емес...
Пеллигринидің қол астындағы футблшылардың, тіпті былтыр АПЛ-ді ұтқан 11 негізгі құрам ойыншыларының 9-і өзінен бұрынғы бапкер Роберто Манчинидің трансферлік жемісі. Ал өзі келгелі аттай қалап алдырған он футболшысының жетеуі негізгі құрамға жарамай қалды. Демек, оның трансферлік көрегенділігі 3/10 ғана деген сөз. Ол командамен бірге АПЛ-ді, Англия Кубогін ұтқаны шын, бірақ, басқа біреу жасақтаған әскермен жауын бағындыру кез-келген көзғарақты генаралдың қолынан келері сөзсіз. Ал біздің Мануэльден күткеніміз бұған қарағанда әлде қайда жоғары біліктілік еді...
Чилилік маманның чемпиондар лигасы жолында жеткен жетістіктері жайлы сонау 2005-06 жылы “Вильярреалді” бастап жартылай финалға жеткенін ғана айта аламыз. Ол тіпті 2009-2010 жылы атақты “Реалдың” өзімен 1/8 финалдан әрі аса алмаған болатын. Сонымен бұл кісінің былтырдан бері ширек финалға шыға алмай жүргені каталондық команданың “кесірінен” емес, өзінің қате шешімінен екенін аңғару қиынға соқпайды...
Пеллигриниға сардары айбатты, сарбазы қайратты құрама жасақтап берген италиялық маман Манчиниге мың түрлі мін тағылып, командадан мезгілсіз кеткенімен оның “Ситиге” сіңірген еңбегі елеулі. Алайда, айналасы үш жылдың ішінде “қалалықтарға” 44 жыл бойы қолдары жетпей жүрген АПЛ-ді, 35 жыл ойлары түгіл түстеріне кірмей кеткен Англия кубогн, 40 жыл арман болған супер кубокті алып берген маман чемпиондар лигасында керемет көрсеткіш көрсете алмағаны үшін орынын босатты. Кім біледі, енді бір-екі жыл тұрғанда алар ма еді ол белестіде? Бірақ бес саусақты бірден ауызға салуға ұрынған басшылары Мансур мен Мубарак күте алмады ол күнді. Өкініштісі, одан кейін сенім артқан Мануэль Мансурлердің үмітін ақтай алмауда әзірге...
Бірақ, біз білетін бұл команда Ағылшын біріншілігінде нашар ойын көрсетіп жүрген жоқ. таяу жылдардан бері "Англия чемпиондығына тек біз ғана лайықпыз" деп жүрген "Манчестер Юнайтед" бен "Челсиге" қарымды қарсылас атана алды. Алайда, адамдар назарындағы алпауыт команда ел ішінде ғана емес, қайта қарт құрлық көлемінде де қарсылас шыдатпауы керек, мәселен, "Реал Мардрид", "Бавария", "Барселоналар" секілді. Ал бұндай деңгейге көтерілу үшін "Қалалықтар" қалайда бір білікті бапкерге көш бастатқандары оң шешім болмақ. Мүмкін, бүгінде Германия жерінде жүрген Хосеп Гвардиола "жақын арада Англия асады екен"-деген қауесет шындық болар. Бұл енді алдағы уақыттың еншісіндегі іс...
Қуанышхан ӨМІРХАН