Стивпен селфи

09.07.2014, 03:41
Стивпен селфи

MKqgZ3VtVKwСтив Макманаман. Бұл футболшыны ағылшын футболының жанкүйерлері міндетті түрде білуі тиіс. Және Мадридтік "Реалдың" фанаттары да Макманаманның кім екенін жазбай тануы керек. Ол ең алдыменен "Ливерпуль" сапында ойнай жүріп танылды. Одан кейін, 1999 жылы ол Мадридтің "Реал" командасына ауысты. Онда ол 4 маусымда небәрі 8-ақ гол соқты. Бірақ, оның сегіз голының бірі 2000-жылғы Чемпиондар лигасының финалында соғылған болатын. Мен тамашалаған алғашқы чемпиондар лигасының финалында Мадридтік "Реал" мен "Валенсия" кездескен болатын. Есеп 3-0 болып, корльдік ұжым жеңіске жетті. Морьентестің соққан голынан кейін дәл осы Стив есепті 2-0-ге жеткізіп, кездесудің тағдырын шешкендей болды. Ал одан кейін, матч соңына таман Рауль 3-допты соғып, жеңісті одан әрі айқындай түсті.

1848412_w2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×