Жығылғанға жұдырық. Қола кімге керек?

13.07.2014, 01:36
Жығылғанға жұдырық. Қола кімге керек?
Соль на раны. Кому нужен матч за третье место? Бүгінгі қола үшін болатын ойын кімге керек? Бразилия-Голландия. Бұл сұраққа Луи ван Галл: -"үшінші орын үшін болатын ойынды мүлде алып тастау керек"- деген болатын. Голландия жаттықтырушысының бұл сөзіңде жан бар секілді. Әлем біріншілігінің қола жүлдесі ортаң қол командаларға керек, ал,  бұндай "болсаң, бірінші бол!" деген қағиданы ұстанатын Бразилия мен Голландияға емес.  Иә, бұл ойын жанкүйерлерге, телевиденияға, осындай айтулы мерекелерде жарнамалайтын дүниесін жарнамалап қалатын ірі компанияларға керек, футболшыларға емес. Бүгін, Бразилия мен Голландия футболшылары алаңға шығады, көбі қаламаса да. Жүректері жаралы, аяқтары бір айдан бері шаршаған, ал бар ой ұзаққа созылған маусымнан кейін болатын азды-көпті демалыста. Жақында ғана естіген елдің есін екеу, түсін төртеу қылған масқарадан кейін, ес жиып үлгермеген Бразилия жанкүйерлері де, немістер асап, жеп, жұтып қойған аяқдопшылары да бұл ойында тағы жеңілсе әбден психологиялық, моральдық дағдарысқа тап болуы мүмкін. Әсіресе, еуропалықтардың бұл ойынға, толықтай болмаса да немқұрайлы қарайтыны түсінікті. Үшінші орын ал, төртінші орын ал бәрібір емес пе? Алтыннан басқа жүлделерден Голландия шаршағаны қашан. Голландияның тағы бір, керемет толқыны әлем футболының Хан-Тәңіріне шыға алмай, кетіп барады. Жұлдызды ойыншылардан жиналған, жұлдызды жаттықтырушысы бар керемет команда, жұлдызды командаға айнала алмады. Жылдамдықтың рекордын қойған Роббен, кез келген қарсыластың басын "бұл жігітті қалай тоқтатамыз" деп қатыртар, Ағылшын Премьер-Лигасының тірі аңызы ван Перси, алыстан соққыны жақсы бағыттайтын, орталық алаңда көп нәтижелі жұмыс атқаратын Снайдер, қарсыластың шабуылын өз алаңында-ақ тұншықтыратын Де Йонг, шабуылдық қасиет қанында бар, ойда жоқ жерден гол туғыза салатын Клаас Ян Хунтелаар, бүкіл алаңға өзі қожайын бола білетін Дирк Кейт. Бұлардың бәрінін жасы отызға таяды, тіпті асып та кетті. Төрт жылдан соң Ресейде, бұл керемет футболшылардың қартаймаса жасармайтыны белгілі. Ал, Сколаридің жайы бір бөлек. Немістердің ұйымдастырған масқарасы, өмір бойы қара дақ болып қалады. Негізі, бұл қола Бразилияға керек. Масқараның бір пайызын болса да, жуып-шаю үшін. Мүмкін, Сколари үшін бұл ұлттық құрама тізгініндегі ең соңғы ойын. Алаңға шығатын ойыншылыр тізімі жайлы біраз бас қатырары түсінікті. Бұл қола үшін болатын ойынға ФИФА-ның өз көзқарасы бар. Иә, кейде бұл ойын өте тартысты, қызықты болып жатады. 1994 жылы, Америкадағы үшінші орын үшін ойын 94000 жанкүйер жинаған. ФИФА  сатқанды, транслация үшін құқықты сатқанды ұнатады. Әрине, біраз статистикаға да бұндай ойында өзгерістер еніп жатады. Мәселен, үздік сұрмергенді анықтау номинациясында. 1990 жылы Скилачи, 1998 де Давор Шукер, төрт жыл бұрын Томас Мюллер осындай ойынның арқасында үздік сұрмерген атанып жатты.  Логикалық тұрғыдан плей-оффта жеңілген команда, жарыс жолын тоқтатуы тиіс. Бірақ қалып, алтынға қол жетпесе де, кейбір футболшылар осындай қарсыласта толықтай мотивайия жоқ,  көбі керек емес санайтын кездесуде жеке бастың статистикасын жақсартып жатады. Осы қаншалықты әділ? Әлем чемпионатында үшінші орынды кім алды? Осы сұрақты, статистиканы бүге-шүгесіне дейін сүйетін кейбір жан кешті жанкүйерлер болмаса, сізге осы сұрақты қойып көрді ма? Еуропа чемпионатында бұндай кездесудің өткізілмейтіні белгілі, ерте ме, кеш пе қола үшін ойынды әлемдік дода да тоқтатуы тиіс.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Алдыңғы жаңалық
Стивпен селфи
Келесі жаңалық
Рекордтар чемпионаты
Серіктес жаңалықтары
×