«Тараз» командасына жаңа басшы келді

26.09.2012, 18:24
«Тараз» командасына жаңа басшы келді
Астана. 26-қыркүйек. BAQ.KZ. Талғат Әпсаматов «Тараз» футбол клубының жаңа жаттықтурышы міндетіне байқау қорытындысы бойынша жаңа басшы келді. «Тараз» ФК-ның баспасөз қызметінен хабарлап отыр. Команда мүшелерімен кездесуде жаңа жетекшіні Жамбыл облыстық әкімдігінің туризм, спорт және денешынықтыру басқармасының бастығы Гамлет Қайнарбеков таныстырды. «Тағайындалған президенттің екі жоғары білімі, соның ішінде денешынықтыру білімі бар, ол қалалық футбол залы федерациясын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдерге арналған футбол мектебін басқарып, спорттық функционер ретінде жұмыс істеген», - деп атап өтті Г.Қайнарбеков. Т.Әпсаматов облыстың және спорттық ведомствосының басшылығына өзіне көрсетілген сенімі үшін ризашылығын білдіріп, тараздық футбол командасын дамыту болашағы туралы айтты. «Бұл маусымда жарыстық кестедегі жүлделі орындар үшін таласу керек, сол үшін қалған үш ойында барлық күшімізді салуымыз қажет. Келесі жылға келетін болсақ, онда аса жоғары міндеттер қойылады», - деді «Тараз» ФК-ның жаңа басшысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×