«Тараз» он ойыншымен келісім-шартты ұзартты

18.01.2022, 18:24
Клуб Жамбыл өңірінен шыққан футболшыларды командаға тартпақ.
«Тараз» он ойыншымен келісім-шартты ұзартты

«Тараздың» баспасөз қызметі он ойыншымен келісім-шарттың ұзартылғанын хабарлады.

Жамбылдық клуб өз түлектеріне сенім артуды жалғастыра бермек. Биылғы маусымда құрамды былтыр командада ойнаған жамбылдықтардан жасақтау көзделуде.

Бірнеше күн бұрын ұлттық құрама ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхаммеджан Сейсен, Қазақстан жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек пен Дінмұхамед Қараман жаңа келісім-шартқа қол қойды.

Сондай-ақ «Тараз» Абзал Таубай, Әлішер Сүлей, Жалғас Жақсылықов, Мақсат Әмірханов, Берік Айтбаев, Әділет Кеңесбектің командада қалатынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×