«Тараз» оқу-жаттығу жиынына қатысты мәлімдеме жасады

18.01.2022, 18:10
Жамбылдық клуб өз түлектеріне сенім артуды әрі қарай жалғастырады
«Тараз» оқу-жаттығу жиынына қатысты мәлімдеме жасады

«Тараз» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда өтетін оқу- жаттығу жиынынан бастайды. Команданың аталған елге ұшуы 19 қаңтар күніне жоспарланған. «Тараз» өз түлектеріне сенім артуды әрі қарай жалғастырады.

Клуб әкімшілігінің мәліметіне сүйенсек, жергілікті жастарға зор үміт артылмақ. Биылғы маусымда құрамды былтыр командада ойнаған жамбылдықтардан жасақтау көзделуде. Бірер күн бұрын команданың көшбасшылары, ұлттық құраманың ойыншылары Бауыржан Байтана, Мұхамеджан Сейсен, еліміздің жастар құрамасының ойыншылары Абылайхан Жұмабек, Дінмұхамед Қараман клубпен келісім-шартын ұзартты. Сонымен қатар өзге командаларда ойнап жүрген жамбылдықтарды да қатарға қосу көзделуде.

Клуб легионерлерге қатысты сол принципті әрі қарай жалғастырады. Яғни нақты сараланып, іріктеліп, бес легионер алу, одан әрі көбейтпеу принципін ұстанады. Таңдалғанда да жоғары сапалы футболшыларды қатарға қосу жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, команданың толық бапкерлік құрамы клубта ойнаған мамандардан жасақталған болатын. Бас бапкер болып Қазақстан чемпионы Нұркен Мазбаев, оның көмекшілері ретінде Нұрмат Мырзабаев, Ерлан Елеусінов, спорттық директор болып Азамат Ниязымбетов, сондай-ақ команданың экс-ойыншысы Азиз Анарметов тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×