Таразда жаңа оқу-жаттығу базасы ашылмақшы

19.08.2011, 04:19
Таразда жаңа оқу-жаттығу базасы ашылмақшы
- Жамбылдық футболшылар үшін жаңа оқу-жаттығу базасы құрылуда, деп хабарлады «Тараз» ФК. Жамбыл футбол клубының президенті Андрей Савченконың айтуынша, өз кадрларын дайындау және тиімді тәрбиелеу үшін тиісті инфрақұрылым қажет. «Тараздың «Жастар» стадионында орналасатын жаңа оқу-жаттығу базасында қазіргі заманғы ойын алаңы мен жасанды жабындысы бар екі шағын футбол алаңқайы болады», - дейді А.Савченко. Сонымен қатар, мұнда 1300 көрермен орны бар трибуналар, дәмхана, ойыншылар мен команда персоналы тұратын қонақ үй бөлмелері, конференц-зал, шешіну, жуыну бөлмелері, монша  және т.б. жоспарланған. Клуб басшылығы ойыншыларға Қазақстан премьер лигасының екінші алтылығында аянбай күресуді тапсырды. "Тараз" клубының  бюджеті 619 млн. теңгені құрап отыр. " Бұл көрсеткіш бойынша біз "Востоктың" ғана алдындамыз. Алайда бюджеттері миллиарддан асатын кейбір клубтар турнир кестесінде бізден кейін келеді " деді сөз соңында Савченко. Автор: Галина Скрипник
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×