«ТОБЫЛ» КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ ҮЛКЕН ДАУҒА ҚАЛДЫ

23.07.2014, 23:37
«ТОБЫЛ» КЛУБЫНЫҢ ОЙЫНШЫСЫ ҮЛКЕН ДАУҒА ҚАЛДЫ
Отандық футболда кезекті жанжал. Бұл жолғы дау "Тобыл" клубының македониялық ойыншысы Никола Тоневке қатысты. Жуырда әлеуметтік желілерде осы қорғаушының Қазақстандық төлқұжатының суреті шыққан болатын. 

Сөйтсе паспорт жалған екен. Македониялыққа ешқандай құжат бермегендерін еліміздің Көші-қон полициясы да растады. Бәрінен бұрын футболшының өз жауабы таң қалдырып отыр. Бүгінге дейін жұртқа Қазақстан азаматтығын алдым деп келген Тонев, аяқасты айнып қалыпты. Енді ғаламтордағы суретті фотошоп деп, өзінің Македония азаматы екенін айтуда.

Қазақстандық клубтарда легионерлер санына шектеу қойылған. Тоневтің де жалған құжат жасатуына сол шектеу себепкер болса керек. Істің ақ-қарасын енді арнайы комиссия анықтамақ. Константин Должанский, "Тобыл" футбол клубының өкілі: - "Тобыл" футбол клубы құзырлы орган тарапынан жан-жақты тексеру жүргізіледі деп сенеді. Осы комиссия клуб жұмысының қаншалықты заңдылығын ашып көрсетеді деген үміттеміз. Сонымен қатар, бұл жағдай отандық футболдың атына кір келтірмейді деп ойлаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Алдыңғы жаңалық
Чемпионат жайлы ойлар
Келесі жаңалық
ІЗГІЛІК ДОДАСЫ
Aladop Youtube
×