Томас Тухель жылдың үздік бапкері атанды

18.01.2022, 06:24
Неміс маманы өткен жылы екі трофейге қол жеткізді.
Томас Тухель жылдың үздік бапкері атанды

«Челсидің» тәлімгері Томас Тухель ФИФА нұсқасы бойынша 2021 жылғы үздік қақпашы атанды.

Неміс маманы «Челсиді» өткен маусымның ортасында тізгіндеген болатын. Өзінің дебюттік маусымында Тухель лондондық клубпен Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Турнирдің финалында «Челси» «Манчестер Ситиден» (1:0) басым түсті. Сондай-ақ УЕФА Суперкубогі үшін болған матчта «Вильярреалды» жеңді.

Бұл жүлдеге үміткерлер тізімінде «Манчестер Ситидің» жаттықтырушысы Хосеп Гвардиола мен Италияның бас бапкері Роберто Манчини болды.

Естеріңізде болса, 2020 жылғы «The Best» жүлдесін «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клопп жеңіп алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×