Жылдың үздік ойыншысы белгілі болды

18.01.2022, 06:35
Жүлде 2021 жылдың ең нәтижелі ойыншысына бұйырды.
Жылдың үздік ойыншысы белгілі болды

Мюнхендік «Бавария» және Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовски ФИФА нұсқасы бойынша 2021 жылдың үздік ойыншысы атанды.

Үздік үштікке Левандовскиден басқа «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах пен «Пари Сен-Жермен» ойыншысы Лионель Месси кірді.

Левандовски 2021 жылдың ең нәтижелі ойыншысы атанды. Оның «Бавария» мен Польша құрамасы үшін 59 матчқа қатысып, 69 гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Левандовски «Алтын доп» үшін күресте екінші орынға ие болған еді. Сонымен қатар Роберт Польшада жылдың үздік спортшысы деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×