«Туннельдің соңында жарық көрінді»: Дастан Сәтпаевтың алаңға оралуы күтілуде

Бүгін, 16:18

Дастан Сәтпаев жарақатынан айығып, алаңға қайта оралуға жақын, деп хабарлайды Aladop.kz.

«Туннельдің соңында жарық көрінді»: Дастан Сәтпаевтың алаңға оралуы күтілуде

футбол блогері Mr.Panama.Football-дың хабарлауынша, 18 жастағы Қазақстандық шабуылшының 10 қазанда өтетін «Уотфордқа» қарсы Чемпионшип кездесуіне қатысуы мүмкін. Блогердің мәліметінше, Сәтпаев өзін жақсы сезініп, бабына қайта келе бастаған. Сондай-ақ ол «Бернлидің» бас бапкері футболшыны алдағы матчқа арналған өтінімге қосуы ықтимал екенін айтты. Дегенмен Сәтпаевтың алаңға шығатыны әзірге нақты шешілген жоқ.

«Туннельдің соңында жарық көрінді» деген тіркесті қолданған блогер Қазақстандық ойыншының оралуы Ағылшын клубына серпін беруі мүмкін екенін атап өтті. Оның пікірінше, Сәтпаевтың қайта сапқа қосылуы команданың шабуылдағы мүмкіндіктерін арттырады.

Дастан қыркүйек айының басында «Мидлсброға» қарсы Чемпионшип матчында санның артқы бұлшықетінен жарақат алған еді. Осыған байланысты ол бірнеше апта бойы алаңға шыға алмай, Қазақстан құрамасының қазан айындағы Ұлттар лигасы ойындарын да өткізіп алды.

«Бернли» футболшыны «Челсиден» жалға алған. Сәтпаев жарақат алғанға дейін клуб сапында төрт ресми матчқа қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Aladop Youtube
×