«Тұран» «Атырауды» сенімді түрде жеңді

16.09.2022, 00:58
Өткен турда «Тобылды» жеңген «Атырау» бұл жолы «Тұранға» жол берді.
«Тұран» «Атырауды» сенімді түрде жеңді

«Атырау» Қазақстан Премьер-лигасының жиырмасыншы турында «Тұранды» қабылдады. Матч Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтіп, 0:2 есебімен аяқталды.

Ойынның 16-минутында Жо Сантос түркістандық клубтағы дебюттік голын соқты. Ал 55-минутта Бекзат Қабылан кездесудің нүктесін қойды. 86-минутта «Атыраудың» қорғаушысы Сослан Такулов алаңнан қуылды.

«Атырау» – «Тұран» – 0:2

«Атырау»: Арам Айрапетян (қ) (к) – Сослан Такулов, Павел Барановски, Матеус Бисси, Александр Соколенко – Домантас Антанавичюс, Юрий Завезён, Дмитрий Плетнёв, Демир Имери, Хусрав Тоиров – Денис Митрофанов;

Қосалқы құрам: Илья Караваев (қ), Азамат Жомартов (қ) – Равиль Ибрагимов, Николай Тарасов, Данияр Орда, Ади Адамбаев – Тодор Петрович, Алтынбек Сапаров, Ринат Джуматов, Асылбек Сейтқалиев – Павел Долгов, Пётр Гжельчак;

«Тұран»: Бекжан Тоқтарбай (қ) – Лев Скворцов, Олжас Керімжанов (к), Тимур Рудосельский, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Михаил Башилов, Жо Сантос – Шохан Абзалов, Бекзат Қабылан, Самир Фазли;

Қосалқы құрам: Динмухаммед Жомарт (қ) – Руслан Жанысбаев, Қасымжан Таипов, Звонко Чеклич – Артем Гуренко, Арман Нүсіп, Алияр Мұхаммед – Темірлан Әміров, Кехинде Фатаи;

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×