«Тұран» Азат Нұрғалиевпен келісім-шарт жасасты

15.01.2022, 01:56
Футболшы түркістандық клубта 13-ші нөмірмен ойнайтын болады
«Тұран» Азат Нұрғалиевпен келісім-шарт жасасты

«Тұран» 35 жастағы жартылай қорғаушы Азат Нұрғалиевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады. Футболшы түркістандық клубта 13-ші нөмірмен ойнайтын болады.

Нұрғалиев бұған дейін талдықорғандық «Жетісу», «Сұңқар», «Астана», шымкенттік «Ордабасы» командаларында өнер көрсеткен.

Ойыншы соңғы жылдары «Тобылдың» намысын қорғады. Қостанайлық клуб сапында 227 матчқа қатысып, 49 гол соқты.

Жалпы, Азат Нұрғалиев ҚПЛ-да 460 матч өткізіп, 89 гол соққан. Футболшы Премьер-лигада ең көп матч өткізген екінші ойыншы болып табылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×