«Тұран» жаңа бас бапкер тағайындады

15.01.2022, 01:41
Ресейлік маман бұған дейін де Қазақстанда жұмыс істеген.
«Тұран» жаңа бас бапкер тағайындады

41 жастағы ресейлік маман Владимир Газзаев түркістандық «Тұранның» бас бапкері атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, Владимир Газзаев 2014-2015 және 2019 жылдары Қазақстанда «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларын жаттықтырған болатын.

Қазақстан чемпионатының өткен маусымында «Тұран» турнирлік кестеде 12-орынға тұрақтады. Түркістандық клуб 26 кездесуде 26 ұпай жинады.

Команданы өткен жылы Абдухалық Бөрібаев жаттықтырды. Маусым соңына қарай 52 жастағы маман өз орнын босатты. Ал оның қызметін уақытша Қуаныш Қабдолов атқaрды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×