Вардан Минасян: «Бізде қорғаныс шабуылшыдан басталады»

14.09.2021, 00:22
Жамбылдық клуб келесі турда «Тобылмен» кездеседі.
Вардан Минасян: «Бізде қорғаныс шабуылшыдан басталады»

«Тараздың» бас бапкері Вардан Минасян «Ақтөбемен» өткен ойын туралы пікір білдірді. 

- Қос команданың ойынына біріншгіліктегі үзіліс біршама әсер еткен секілді, қалай ойлайсыз?

- Әрине, ұзақ үзіліс команданың ойын мәнеріне әсер етіп, көрініс беріп тұрады. Ел құрамалары қатарындағы футболшылар да ұжымға кештеу қосылды. Сондықтан мачтың басы біз жоспарлағандай бола қоймады. Кейінірек барып өз ойынымызды тауып, қорғаныстан жақсы шығып, шабуылда қауіпті сәттер орын ала бастады. Ал қарсылас көбіне стандартты жағдайларға иек арты. Мүмкін, жеңіске біз жақын болдық деп ойлаймын. Дегенмен, қорытынды нәтиже заңды.

- Матч соңында негізгі құрамда ойнағандар көбіне «тараздықтар» болды. Қорытынды нәтижені ойлап, алаңдаған жоқсыз ба?

- Команда қосынындағы жігіттердің барлығы ұжымның толыққанды мүшесі болып есептеледі. Кез келгені негізгі құрамға да, қосалқы құрамнан да алаңға шыға алады. Тек ойынға қойылған мақсат пен қарсыласқа байланысты. Қазір ойыншылардың барлығында тепе-теңдік бар. Бастысы жарақат пен ескерту қағазын алып қалудан сақ болу қажет.

- Обилор ойынға қатыса алмаса да, қорғаушылар өз міндетін тамаша атқара алды ма, қалай ойлайсыз?

- Обилор ғана емес, Елдос Ахметов те болған жоқ. Оби ескерту қағазына байланысты ойынға қатыса алмаса, Елдос жарақат алғалы бері ұзақ уақыт жаттығу жасамады. Командаға қосылғанына екі-ақ күн болды. «Тобылмен» өтетін кездесуге дайын тұрады деген сенімдеміз. 

Ал қорғаныстағы мақсатқа келетін болсақ... Бізде қорғаныс шабуылшыдан басталады. Қақпаның голдан сау тұруы – команданың еңбегі. 

- Жаңа ойыншы Эривалдо туралы айтсаңыз...

- Ол сапалы футболшы. Ойын мәнері де бізге өте жақсы келеді. Маусым айынан бері ойнамаған себебі – оған функционалды жағдайын дұрыстауы қажет болды. Команда мен чемпионатқа бой үйретуі тез болады деп үміттенеміз. 

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×