Жанкүйерлер «Кадиске» қарсы ойында Мессиді 11-ші орынға қойды

Абзалұлы Шерхан
Бас редактор
07.12.2020, 21:27
Мессидің өз жанкүйерлерң арасында да хейтерлер жиналуда.
Жанкүйерлер «Кадиске» қарсы ойында Мессиді 11-ші орынға қойды

Испаниялық Marca басылымы "Кадис" пен "Барселона" арасындағы кездесуден кейін жанкүйерлер арасында ойыншыларға дауыс беру туралы сауалнама жүргізді.

Дауыс беру қорытындысы бойынша "Барселона" сапынан Серджиньо Дест үздік деп танылса, команда капитаны Месси ең аз дауыс жинап, 11-ші орынға бір-ақ түсті.

Ла Лиганың 12-ші турында Месси "Кадис" қақпасына 10 мәрте соққы бағыттап, қарсылас қақпасының кілтін таба алмаған. Нәтижесінде ойын 2:1 есебімен аяқталып, каталондықтар маңызды 3 ұпайды жоғалтты. Сондай-ақ аргентиналық ТОП-5 лигадағы 10 соққы бағыттап гол соқпаған алғашқы ойыншы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×