«Жетісу» «Черноморецті» тізе бүктірді

24.02.2012, 02:51
«Жетісу» «Черноморецті» тізе бүктірді
Түркияның Анталия қаласында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Талдықорғанның «Жетісу» футбол командасы кеше Новосібірдің «Черноморец» командасымен жолдастық кездесу өткізді.Премьер лигадағы ел чемпионатының 2011 жылғы күміс жүлдегерлері Ресейдің Бірінші дивизионында өнер көрсететін құрдастарынан 1:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында талдықорғандықтар сапынан байқауда жүрген хорватиялық легионер Эдин Юнузович көзге түсті. Олар бұған дейін 19 ақпанда Македонияның Турнова қаласының «Горизонт» командасымен тең түсіп, 0:0 есебімен тарасқан болатын. «Жетісу» Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынын 14 ақпанда бастаған. 29 ақпанға дейін созылатын соңғы әзірлікке бас бапкер Серік Әбдіуәлиев  - Сергей Степаненко, Владимир Логиновский, Захар Коробов, Вуле Тривунович, Милош Михайлов, Айдар Күмісбеков, Данияр Муканов, Виктор Ковалев, Серікжан Мужиков, Азат Нұрғалиев, Сергей Скорых, Иван Цветкович, Саят Сариев, Марко Джалович, Олжас Спанов, Даурен Құсаинов, Ақжол Серікжанов, Алексей Щеткин, Айдос Мейірманов, Владимир Берікбаев, Ерик Дүйсенбекұлы, Нұржан Нүсіпжанов пен Әсет Мұқашевті шақырған болатын. Олардың арасынан қақпашы В. Логиновский, жартылай қорғаушы С. Мужиков пен шабуылшы А.Щеткин ұлттық құраманың бас бапкері Мирослав Беранектен  шақырту алды. Олар да қазір Түркияда 22 ақпаннан бері оқу-жаттығы жиынын өткізіп жатыр. 1 наурызға дейін созылатын бұл жиын кезінде 29 ақпанда Қазақстан мен Латвия құрамалары арасында ресми рейтингтік жолдастық кездесу өтпек.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×