Жүз доп соққан қақпашы

30.03.2011, 19:12
Жүз доп соққан қақпашы
Бразилияның “Сан-Паулу” футбол клубының қақпашысы Рожерио Сени өзiнiң жүзiншi голын соқты. Өткен аптада Бразилияның iшкi бiрiншiлiгiнде “Коринтианс” клубымен ойнаған “Сан-Паулу” футболшылары қарсыластарын 2:1 есебiмен жеңдi. Жеңiс голын қақпашы Рожерио Сени соқты. Жасы 38-ге келген бразилиялық қақпашы қарсыластарының айып алаңына беттесе болды, қарсылас команданың қақпашыларының тiзесi дiрiлдеп, қалтырай бастайды. Қорықпағанда қайтедi, Рожерионың орындауындағы айып соққылар бiрiнен соң бiрi қақпаға оқша қадалып жатса?! Рожерио өзiнiң осы уақытқа дейiнгi соққан жүз голының басым бөлiгiн айып добын орындау арқылы соқты. Пенальтиден де мергендiк танытып жүрген қақпашы әлемдiк футбол тарихына жүз доп соққан ең бiрiншi қақпашы ретiнде тiркелдi.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×