2020 жылға үздік спорт жаршысы

28.12.2020, 03:43
Ең үздік болған спорттық сайт.
2020 жылға үздік спорт жаршысы

Санаулы күндерден кейін жаңа жыл есігін айқара ашпақ. Ал 2020 жылғы бәріне мәлім дерт қай саланы болмасын сансыратып кеткені анық. Спортты да бей-жәй қалдырмады. Төрткүл дүние көз тігетін бәсекелердің барлығы дерлік кейінге шегеріліп жатты. Әрине, уақыт өте біраз спорт түрлерін көрермендерсіз өткізуге рұқсат беріліп, спортқа қайта жан біткендей болды. Осы кезеңдерде оқырмандар үшін қандай да болмасын жаңалықты таратуға әр түрлі спорттық сайттар жұмыс жасап жатты. Бір-бірімен бәсекеге түсіп, қас қақпай әр спортты бақылады. Жаңалықты алғаш болып оқырман назарына ұсынуға тырысты. Көптеген спорттарға шектеулер қойылғандығын ескерсек, бұл жұмыстың оңай болмағанын түсінуге болады. Иә, осылай өрнектелген жылдың қорытындысын Sports.ru сайыты шығарды. Оқырмандарға "2020 жылдың спорттық бұқаралық ақпарат құралы", - деген сауалнама тастады. Екі мыңға жуық адам дауыс берген. Нәтижесі төмендегідей:

1. Kazfootball.kz 31%

2. Sports.ru 27%

3. Sports.kz 18%

4. Vesti.kz 16%

5. Prosports.kz 4%

6. Shaiba.kz 3%

7. Olympic.kz 2%

Осылайша, қазақ футболының жаршысына айналған Kazfootball.kz сайты үздік деп танылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×