2022 жылы ең көп жалақы алған футболшылардың тізімі жарияланды

18.09.2022, 17:30
Рейтингтің басында ПСЖ-ның үш футболшысы бар.
2022 жылы ең көп жалақы алған футболшылардың тізімі жарияланды

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылдың ең көп жалақы алатын футболшысы атанды.

Sportico порталының мәліметінше, 23 жастағы француз футболшысы париждіктермен 2022 жылдың мамырында жасасқан жаңа келісім-шартының арқасында жалақы жағынан Лионель Мессиді басып озды.

Басылым Мбаппенің 2022/2023 жылғы маусымда 125 миллион доллар табыс табатынын анықтады. Оның 105 миллион доллары ойыншының жалақысы, 20 миллион доллары әртүрлі демеушілерден келеді.

Екінші орында 113 миллион доллармен (53 + 60) «Манчестер Юнайтедтің» 37 жастағы португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Месси жаңартылған рейтингте 3-орынға жайғасты. Аргентиналық футболшының бір жылдық табысы 110 миллион долларды (62 + 48) құрады.

Үздік ондыққа бразилиялық шабуылшы Неймар (ПСЖ, 91 миллион доллар), мысырлық шабуылшы Мохамед Салах («Ливерпуль», 39,5 миллион доллар), бельгиялық жартылай қорғаушы Эден Азар («Реал», 31,3 миллион доллар), испаниялық жартылай қорғаушы Андрес Иньеста («Виссель Кобе», 30 миллион доллар), ағылшын футболшысы Рахим Стерлинг («Челси», 29,4 миллион доллар), бельгиялық жартылай қорғаушы Кевин Де Брёйне («Манчестер Сити», 29 миллион доллар) және француз шабуылшысы Антуан Гризманн («Атлетико», 27, 5 миллион доллар) енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×