«Лестер Ситидің» бас бапкері қызметінен кетеді

18.09.2022, 17:03
«Түлкілер» жеті ойында небәрі бір ұпай жинады.
«Лестер Ситидің» бас бапкері қызметінен кетеді

«Лестердің» бас бапкері Брендан Роджерс жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің хабарлауынша, осы маусымдағы нәтижеге көңілі толмаған клуб басшылығы бапкерін ауыстыру мәселесін қарастырып жатыр. Егер Роджерс қызметінен кетсе, оның орнын «Брентфордты» жаттықтырып жүрген Томас Фрэнк басуы мүмкін. Үміткерлер қатарында «Бёрнлидің» бұрынғы бапкері Шон Дайч та бар.

Еске салайық, жеті турдан кейін бір ғана ұпай жинаған «Лестер» Ағылшын Премьер-лигасының турнирлік кестесінде соңғы орында келеді.

Роджерс «Лестер Ситиді» 2019 жылдың ақпан айынан бері жаттықтырып келеді. Бұған дейін ол «Селтик», «Ливерпуль», «Суонси» және басқа да клубтарда жұмыс істеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×