«Академия Оңтүстіктің» қорғаушысы «Тұранға» ауысты

28.07.2022 12:45 ҚПЛ

Футболшы осы маусымда он ойынға қатысып, бір гол соққан.

«Академия Оңтүстіктің» қорғаушысы «Тұранға» ауысты

«Тұран» 23 жастағы қазақстандық қорғаушы Сырбай Мәуленмен келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты. 

Сырбай 2021 жылдан бері «Академия Оңтүстіктің» намысын қорғап келеді. Аталмыш команда үшін осы маусымда 10 матч өткізіп, 1 гол соқты. Футболшы 2018-2021 жылдар аралығында «Қыран» сапында өнер көрсетті. 

23 жастағы қорғаушы түркістандық клубта 99-нөмірмен ойнау туралы шешім қабылдады.

0 пікір