Рубен Бриджидо мансабын Қазақстанның басқа командасында жалғастырады

28.07.2022, 18:31
Футболшы бір апта бұрын «Тобылдан» кеткен еді.
Рубен Бриджидо мансабын Қазақстанның басқа командасында жалғастырады

Португалиялық жартылай қорғаушы Рубен Бриджидо «Астанаға» ауысады, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

31 жастағы футболшы Нұр-Сұлтан қаласына келіп, елордалық клубқа қосылу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұған дейін Бриджидо «Тобылдан» кетіп, еркін агент атанған болатын. Қостанайлық клуб оның орнына африкалық жартылай қорғаушы Чиди Осучуквуды алды.

Премьер-лиганың ағымдағы маусымында Рубен 14 матч өткізіп, бір гол мен екі нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×