«Шахтер» «Ақжайық» қорғаушысымен мәміле жасасты

28.07.2022, 18:40
Футболшы қарағандылық клуб сапында 13-нөмірмен өнер көрсетпек.
«Шахтер» «Ақжайық» қорғаушысымен мәміле жасасты

«Шахтер» футбол клубы қазақстандық қорғаушы Мирам Сапановпен келісім-шартқа отырды. Футболшы қарағандылық клуб сапында 13-нөмірмен өнер көрсетпек.

36 жастағы қорғаушы бұған дейін «Ақжайық», «Ордабасы», «Қайсар», «Каспий», «Қыран» және «Жетысу» командаларының намысын қорғаған.

Сапанов оралдық клуб сапында 299 матч өткізіп, 15 гол соқты және орталық қорғаушылар арасында ең көп ойын өткізген, сондай-ақ ең көп гол соққан футболшы атанды.

Мирам биылғы маусымда 17 ойынға қатысып, нәтижелі іс-әрекеттерімен көзге түскен жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×