АЛ ЕНДІ, НЕ БОЛДЫ?..

15.10.2011, 21:57
АЛ ЕНДІ, НЕ БОЛДЫ?..

«Еуро – 2012» іріктеу аламаны аяқталды

Сонымен, жанкүйер біткеннің делебесін қоздырып, дегбірін кетірген футболдан «Еуро- 2012» чемпионатының електік бәсекелері 1 жыл, 1 ай, 8 күн дегенде барып өз нүктесіне жетті. Осы уақыт аралығында «А» тобында бағын сынаған Қазақстан құрамасы көштің соңын түйіндеп, аладопты алақұйын үйірген қарсыластарынан тағы да сабақ алды (Әлде, таяқ жеді дегеніміз дұрыс па?). Ал өз тобындағы соңғы ойынды қазақ елінің аяқдопшылары Австрия құрамасына қарсы өткізіп, «Астана арена» стадионында өткен жарыста тең нәтижеге қол жеткізді. Бұған да шүкір. Шүкір демеске лаж жоқ. Әйтеуір ұпай алсақ қуанамыз да. Иә, қазақтардың ойынынан от көрмеген отандық жанкүйердің біразы «өй, соңғы ойында, оның үстіне өз алаңымызда ащы терді шығарып, аңыра тып ойнау керек еді, тең ойынның өзі татымсыз болды ғой», – деп іштегі қыжылын шығарып бақты. Бірақ талапшыл жан­күйер дің талғамы артқанмен, құраманың қарымы, сол «баяғы жартастың» басында қалғандай көрінеді… Бір қызығы, біздің футболдың басы-қасында жүрген бас шылық «қазақтың футболында өзгеріс бар» дейді өрекпіп. Бірақ бұдан шыққан нәтиже қайда екен? Астанадағы ақшаңқан стадионға бір үміт, бір күдікпен келген мыңдаған жан күйерді тым құрығанда осы жолы жерге қаратпауға тырысты ма екен, іріктеу до да сының соңғы ойынына жігіттеріміз жігерін жанып, намысын қайрап шықты. Алдағы тағдыры осы ойынның нәтижесінен шеші летінін іші сезген бас бапкер Беранек ойын бойы орындығында отырған жоқ. Алаңда сөлсіз ойнағандарын айғайлап жөнге салса, айтқанын іске асырмағандарды ауыстырып тынды. Әйтеуір, әбүйір бол ғанда «соңғы минуттардың синдромы» ұстаған жоқ бұл жолы. Тоқсан минут, оған қосылған тағы төрт минуты бар қақпамызға доп дарытқан жоқпыз. Соға да алмадық. Есесіне есеп: 0:0. Ойын барысын оқыр манның өзі де тамашалаған болар. Остапен коның ойынына «әр» кіріпті, Шмидтгаль енді ширыққан сияқты. Қалғандары да қатарынан қалыс пайын деп барын салды. Барымызды салмасақ, тең ойынды түсімізде де көрмес едік. Алайда айтпағымыз бұл емес, көр геніміз мынау: құрамамыз тең түсіп, тіпті жеңіп жатса да еуропалықтар мұнымызды кездейсоққа балайтын әдет тауыпты. Есімізде қалғаны ойын соңындағы ой бөлісуде Австрия құрамасының бас бапкері міндетін атқарушы Вилли Руттенштайнер: «Негізі, жеңіс біздің уыста еді ғой. Ойын бойына мысымыз басым болды. Тек жасанды алаңда ойнағанымыз болмаса…», – деп бөсті. Руттенштайнер біздің мық тылығымызды мойындағысы келмеді ме, әлде істің әділін айтты ма деп абыржып біз қалдық. Мықтылығымызды мойындағысы келмесе өз еркі, тек кездейсоғы несі? Әдетте мұндай менмен пікір Еуропаның «ерге жейлі» құрамаларына қаратылып айтылады. Біздің жанкүйердің сарабына салсақ, Қазақстан құрамасы «ергежейлі» аталатын алтылықтан бір саты жоғары тұр. Ал аладопты қолтықтап туған Еуропалық бес тіктен бірнеше саты төменбіз. Оған дау жоқ. Енді осы «кездейсоқ» көзқарастың ағы мен қарасын ажыратуға тырысып, ажыратып қана қоймай аяқталған іріктеу ке зеңіндегі құрамамыздың ойынына өз тарапымыздан баға беріп көрелік. Иә, бұл жолы да соңғы орында сүйретіліп келдік. Себеп неде? Біздіңше, құраманың ойыны әлі сұйық, жігіттер бір-екі пастан әріге бара алмайды. Өз алаңымызда аунақшып жатып алатынымыз содан. Кім біледі бәлкім одан болмауы да мүмкін… Сайып келгенде барлық жеңілістеріміздің сыры сүреңсіз ойында жатқаны сөзсіз. Екінші себеп, құрамадағы үш шептің үшеуінде ушығып тұрған мәселелер жетеді. Әсіресе, шабуыл шебіміз шатқаяқ. Мысал алайықшы. Біздің топта өнер көрсеткен Германия айнал дырған он ойында барлығы 34 доп соғыпты (орташа есеппен бір ойында 3,4 гол!). Біз 6 доптың өзін әупіріммен әрең кіргіздік. Неміс шабуылшысы Клозе осы турнирде бар болғаны 6 ойын өткізіп 9 (!) доп соқты. Сонда біздің шабуылшылар ай қарап жүр ме деген ойға қаласың кейде. Алып ұрамыз деген Әзірбайжанның өзі турнирде 10 доп соғып (оның төртеуі қазақтар қорғаған қақпаға кірді), ұртын майлап алды. Иә, футболдағы ойын өзегі соғылған доппен өлшенбейді, десек те, ара-тұра емес, қолдан келгенше қарсыластың қақпасын торуылдап, торкөзді тулатып жатсақ жаны жұмсақ жанкүйерге осының өзі шағын жеңіс емес пе? Үшіншіден, осы жолғы турнир бізде буын алмасу үрдісінің бір үзіліп, бір жал ғасып жүргізілетінін тағы бір рет айғақтап берді. Бұл тұрғыда мысал ретінде бір ғана Бельгияны алайықшы. Бүгінгі Бельгияны бір кездері бізбен тең ойнаған ортаңқол командамен салыстыруға мүлдем келмейді (Австриямен өткізген ойыннан апта бұрын Қазақстан Бельгиядан 1:4 есебімен ұтылып қалды). Сапында Ромелу Лукаку, Эден Азар, Винсент Компани, Маруан Феллаини, Стивен Дефур сияқты жастар өріп жүрген Бельгия құрамасы енді бірер жылда Еуропа футболының төріне шығары сөзсіз. Мұндай жастар Қазақстан құра масының қатарында да бар. Жамбыл Кө кеев, Азат Нұрғалиев, Ұлан Қонысбаев, Танат Нөсербаев, Марат Шахметов, Сергей Хижниченко… Бірақ бұлардың көпшілігі ойында бірде бар, бірде жоқ. Бапкерлік орынтақтың өңі жыл сайын өзгеріп оты­ратындықтан, бірқыдыру жастарға тіпті қосалқы құрамнан да орын табыла бер мейді. Ал құрама қатарына сан тараптан келген «кірме» аяқдопшыларды алдырту, ең алдымен осы жастардың жолын бө гейтіні футболдағы айдан анық құбылыс. Қазекем «өзіңнен тумай, ұл болмас» дегенді бекер айтпаса керек. Қорыта айтқанда, іріктеу бәсекелері аясындағы қазақ жігіттерінің ойынына көңіліміз пәс. Төрт-ақ ұпай жинап көштің соңында қалдық. Бұл арада бар кінәні бас бапкерге аудара салған қисынсыз. Бастысы, бапкерлікке Беранек келгелі құрама Шторктің кезіндегі ұшқалақтықтан арылды. Осы бапкердің арқасында 4 ұпайға қол жеткіздік. Әзірбайжанды жеңіп, Түркияны састырдық, Австриямен тең ойнадық. Чех маманы қазақ жанкүйерлеріне осындай жарқын сәттер сыйлады. Қалай болғанда, Бе ранек құрамада қалуы тиіс. Егер білік тілігін таныта жатса, ертеңгі күні команда ойынына міндетті түрде өзгешелік енеріне сенімдіміз.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×