ӘЛЕМДІК ФУТБОЛ СТИЛЬДЕРІ

28.04.2020, 18:14
ФУТБОЛИ ФИЛОСОФИЯ
ӘЛЕМДІК ФУТБОЛ СТИЛЬДЕРІ

Анти-футбол

Анти-футбол деп 90 минут бойы қорғаныста жатып алатын командаларды айтамыз. Бұл стилдегі команданың ойын мәнері тартымсыз,ешқандай креативсіз болып келеді. Тек қарсылас команданың шабуылын тоқтату арқылы фолдар,ережеге сай келмейтін әдістерді жиі пайдаланады. Осындай әдіспен мықты қарсыласқа төтеп беріп қарымта шабуылда өз мүмкіндіктерін пайдалып ойынды жеңіп кетіп жатады.

2001 жылы Гари Армстронг 1968 жылы өткен Құрлықаралық кубоктың финалында Манчестер Юнайтед пен Эстудиантес де ла Плата арасында өткен ойындағы Эстудиантестің ойынын “Анти-Футбол” деп атаған болатын.

Қазіргі таңдағы бапкерлер арасында Жозе Моуриньоның командалары осы тәсілді пайдалана отырып Чемпиондар Лигасын жеңген болатын. Журналисттер сұрағына Жозе Моуриньо “ Соғыста кез-келген тәсіл жақсы”-деп жауап берген болатын.

Позициялық футбол

Позициялық футболдың басты ерекшелігі доп. Яғни футбол алаңындағы монополизациядан тұрады.Бұл Йохан Кройфтың идеясы допқа көп иелік етіп, қарсылас команданы допсыз қалдыру арқылы шаршату. Барынша допқа көп иелік етсе көп шабуыл жасауға, көбірек мүмкіндікке, ие болады.

Бұл ойын платформасы - Барселонаның тики-такасының ірге тасы болатын.Алғаш Йохан Кройф алғаш Барселонаны баптап тұрған кезінде қолданды. Кейіннен 90-шы жылдардың басында Луи Ван Гал осыған ұқсас ойын философиясын қолданды.

Девиз: “Пока мяч у нас,нам не забьют”.

Бұл менің дебютім. Тағы да қандай футбол стилін білесіздер?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×