Англия құрамасы 29 жыл бұрынғы антирекордын қайталады

27.09.2022, 21:55
Гарет Сайтгейттің командасы Ұлттар лигасының бірде-бір матчында жеңіске жете алмады.
Англия құрамасы 29 жыл бұрынғы антирекордын қайталады

Англия құрамасы Ұлттар лигасының алтыншы туры аясында Германиямен тең ойнады (3:3).

Соңғы 6 кездесуде Гарет Саутгейт шәкірттері үш рет тең түсіп, үш рет жеңілістің дәмін татқан. Осылайша, Англия құрамасы соңғы 29 жылдағы ең нашар нәтижесін қайталады. Нақтырақ айтсақ, 1993 жылдың сәуірінен маусымына дейін команда қатарынан алты матчта жеңіске жете алмаған екен.

Англия құрамасы 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында Катарда өтетін 2022 жылғы әлем чемпионатына қатысады. Олар Иран, АҚШ және Уэльспен бірге В тобында бақ сынайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×