АПЛ-дың қалтасы қалың қожайындары

28.04.2020, 03:47
Ағылшын Премьер Лигасындағы ТОП-10 ең бай клуб иелері.
АПЛ-дың қалтасы қалың қожайындары

Мұхамед Бин Салман - Сауд Арабиясының ханзадасы Ағылшын Премьер Лигасының ұжымы «Ньюкаслды» сатып алуды көздеп отыр. Егер бұл келіссөздер орын алған жағдайда «Манчестер Ситидің» иесі шейх Мансұрды АПЛ-дың ең бай қожайындарының тізімінен сырғытып тастамақ.

Ағылшын біріншілігіне тағы бір шейх қоныс аударса басқа клубтар үшін жақсы жаңалық болмайтыны анық. Бюджетіңде қыруар қаржың болса, командаңды бір трансфер терезесінің өзінде күшейтіп алуға болатыны сөзсіз. Тек УЕФА талаптарын бұзбай, ережені қатаң сақтаса болғаны.

Назарларыңызға АПЛ клубтарының ең бай қожайындарын ұсынамыз:

1) «Ньюкасл» - Мұхамед Бин Салман – 320 миллиард еуро

"Ньюкаслдың" қазіргі қожайыны Майк Эшли орнын босатқан соң Мұхамед Бин Салман әл Сауд клубты өз қарамағаны алмақ. Клубтың жанкүйерлері аталмыш шейхқа зор үмітпен қарауда. Себебі, Эшлимен салыстырғанда жұлдызды ойыншылар мен тәжірибелі бапкерлік штаб үшін тиынын санап, клубтан қызғанбайтынына сенімді. Ханзада Мұхамедтің тек футболда ғана емес әлемдегі ең ауқатты адамдардың қатарына кіретінін де айта кеткеніміз жөн.

2) «Манчестер Сити» – Шейх Мансұр – 26.5 млрд еуро

Мансұр ибн Зайд әл Нахайян – Біріккен Араб Әмірлігінің премьер-министрі орынбасы, Әбу-Дабидың патшалар отбасының мүшесі. Мансұр Ситиліктірді 2008 жылдың қыркүйегінде сатып алған болатын. Содан бері «Ман Сити» Еуропаның дүлдүл командаларының қатарында болып келеді. Мансур тек «Ситимен» ғана шектелмей Аустралия, АҚШ пен Жапонияның клубтарын басқарып келеді.

3) «Челси» – Роман Абрамович – 11 млрд еуро

Ресейлік қожайын «Стэмфорд Бриджге» алғаш 2003 жылы жайғасқан болатын. Сол сәттен бері миллиардер лондондық клубты Еуропаның ТОП-командаларының тізіміне қосты. Абрамовичтің бүгінде басты табыс көзі мұнай мен мұнай өнімдері. 53 жасар Роман 1990 жылдары Ресейдегі экономикалық күрт өзгерістерді ұтымды пайдаланып, кәсібін өрбітіп алды. Ал 1995 жылы өз елінің ірі мұнай компаниясының бірін қолына алды.

4) «Арсенал» – Стэн Кронке – 6.8 млрд еуро

Лондондық ұжымның иесі американдық Стэн Кронке. «Арсеналдың» басшысы қанша миллиардер болса да трансфер терезесінде неге көзге түспейді деген сұрақ Сізде де туындаған болар. Себебі, «Арсенал» Стэнның қарамағындағы жалғыз клуб емес. MLS лигасындағы «Колардо Рэпидс» тіпті баскетболдағы «Денвер Наггетс» атты клубтардың иесі.

5) «Вулверхэмптон» - Го Гуанчан - 6 млрд еуро

Қытайлық азамат Гуанчан «Forsun» компаниясының төрағасы. Бүгінде Forsun комапаниясы нарықтағы ең көп қаржы табатын компаниялардың бірі. Гуанчан "қасқырларды" 2016 жылы 45 миллион фунт стерлинге сатып алған болатын. Клубты төрт жылдың ішінде «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» секілді командалармен еурокубокке шығу үшін күресетін деңгейге жеткізді.

6) «Астон Вилла» - Нассеф Савирис - 5.7 млрд еуро

Савирис «Виллаға» 2018 жылы келді. Дәл сол жылы Вилла қарызға белшесінен батып, қиын жағдайда тұрған болатын. Мысырлық кәсіпкер шілдеде клубтың бағасы 55%-ға дейін түскен кезін ұтымды пайдаланып, дер кезінде сатып алды.

59 жасар Нассеф - мысырлық миллиардер Ониси Савиристің кенже ұлы. Қазіргі таңда әкесінің компаниялары «Orascom» мен «Adidas-тың» бір бөлігін дөңгелетіп отыр.

7) «Лестер Сити» - Айяватт Шриваддханапрабха - 5.25 млрд еуро

34 жастағы миллиардер марқұм Вишай Шриваддханапрабхидің ұлы. Әкесінің 2018 жылғы әуе апатынан болған қазасынан кейін клуб пен «King Power» компаниясының тізгінін ұстады.

Әкесі Вишай «Лестер Ситиді» 2018 жылы сатып алғаннан бері ірі өзгерістер алып келді. "Түлкілер" үшін көп еңбек етіп, 2016 жылы күтпеген жерден «Лестерге» сенсациялық чемпиондықты алып берген болатын.

8) «Тоттенхэм Хотспур» - Джо Льюис - 4,4 млрд еуро

Көпшіліктің ойынша «Тоттенхэмның» басшылығындағы негізгі адам - Даниэл Леви. Алайда клубтағы тікелей билік 83 жасар британ Джо Льюстың қолында. Джо ENIC ағылшындық инвестициялық топтың негізгі акционері.

Леви клубқа байланысты көп мәселелермен айналысқанымен, оған ENIC компаниясының 29.4% ғана тиесілі. Ал қалған 70.6%-ы Льюистың қолында.

Танымал британ кәсіпкері 15 жасында мектепті тастап, фирмада әкесіне қолғабыс болды. Кейіннен кәсіпті отбасымен бірге дөңгелетіп Британияның беделді саудагерлерінің біріне айналды. Қазіргі таңда Багам аралында тұрады. Ағылшындық басылымдардың айтуына қарағанда «Тоттенхмнің» ойындарына сирек баратын сыңайлы.

9) «Манчестер Юнайтед» - Глейзерлер отбасы - 4.1 млрд еуро.

Малколм Глейзер бизнес саласындағы мансабын небәрі 15 жасында бастаған. Жастайынан әкесінен айрылғандықтан отбасын асырау үшін сағат сатумен айналысты. 28 жасында өзінің жеке компаниясын ашып, жылжымайтын мүлік сатуды қолға алды. Араға көп жыл салмай ағасы Джоэл Глейзер үш бірдей телеканалдың директоры атанады.

Малколм Глэйзер спорт саласындағы бизнесін 1995 жылы «Тампа Бэй Бакканирис» атты америкалық футбол клубынан бастады. Араға сегіз жыл салып «Манчестер Юнайтедті» сатып алды. Малколм 2014 жылы дүниеден озған соң, клубтың ұлдары Аврам мен Джоэл тікелей өздері басқарып келеді.

10) «Саутгеэмптон» – Гао Цзишен – 3.5 млрд еуро.

Қытайлық миллиардер аталмыш клубты 2017 жылы 210 миллион еуроға сатып алды. Миллиардер Шанхайдағы педагогикалық университетін тәмамдап, 1995 жылы «Langer Group» компаниясының тұсауын кесті.

Шерхан Абзалұлы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×