«Ақсу» нигериялық қорғаушымен толықты

25.12.2021, 14:08
30 жастағы қорғаушы өткен маусымда өз командасының үздігі болды.
«Ақсу» нигериялық қорғаушымен толықты

«Ақсу» футбол клубы нигериялық орталық қорғаушы Фэйт Фрайдей Обилормен бір жылдық келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Обилор өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында дебют жасап, «Тараз» клубының намысын қорғады. Жамбылдық клубтың жейдесінде 30 матчқа қатысып, екі гол соқты.

Фрайдей Обилор Instat Football сараптамалық компаниясының статистикасына сәйкес, 2021 жылғы маусымда допты тосып алу саны бойынша үздік ойыншы атанды. Африкалық легионер қарсылас берген пасты 245 рет өз аяғына қондырған екен (әр ойында орташа есеппен 10 сәтті әрекет).

Сондай-ақ 30 жастағы қорғаушы молдовалық «Шериф», финляндиялық «ХИК», «Интер» және «РоПС» сияқты клубтарда доп тепкен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×