«Ақтөбе» ганалық футболшымен келісім-шартты ұзартты

25.12.2021, 01:43
Ақтөбелік клуб Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келіссөз жүргізіп жатыр.
«Ақтөбе» ганалық футболшымен келісім-шартты ұзартты

«Ақтөбе» қысқы трансфер нарығында белсенді түрде жұмыс істеуде. Осы аптада клуб Йоахим Адукормен келісім-шартты ұзарту туралы нақты мәмілеге келді, сонымен қатар Темірлан Ерлановпен де ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Адукор «Ақтөбеге» өткен маусымның ортасында ауысып, бапкерлер штабын өз ойынымен тәнті етті. Ол Премьер-лигада алты матч өткізіп, өзін орталық қорғаушы және артқы жартылай қорғаушы позицияларында әрекет ете алатын жан-жақты ойыншы ретінде көрсетті. Ганалық футболшыдан бөлек, литвалық жартылай қорғаушы Артурас Жулпаның да командада қалу ықтималдылығы өте жоғары.

Сонымен қатар «Ақтөбе» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерлановты да командада қалдыруды көздеп отыр, келіссөздер жүріп жатыр, бірақ әлі жаңа келісім-шартқа қол қойылған жоқ. Ерланов «Ақтөбе» үшін Премьер-лига аясында алты ойын өткізіп, бір гол соқты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Владимир Мұханов баптайтын клуб Рамазан Оразов және Дмитрий Шомкомен келісім-шарт мерзімін ұзартып, Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Арман Кеңесовті қатарға қосқан болатын. Ұлттық құраманың тағы бірнеше ойыншысы «Ақтөбенің» назарына ілікті, атап айтқанда, Еркін Тапалов, Оралхан Өміртаев және Алексей Щеткин мансабын осы командада жалғастыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×