"Ақтөбе" керекті нәтижеге қол жеткізді

15.07.2011, 19:07
"Ақтөбе" керекті нәтижеге қол жеткізді

Мажарстанда Еуролигадағы алғашқы кездесуін өткізген "Ақтөбе" 1-1 есебімен тең ойнап қайтты. Бірінші таймда соғылған Радановичтің голына "ақтөбелік" қара маржан Мәлік Мане жауап қайтарды. Жалпы алғанда ойында басымдылыққа ие болған қазақстандық клуб еді. Бұл матчты Қазақстандағы ешқандай арна көрсетпегенімен ғаламтор желісі арқылы тамашалауға мүмкіндік таптық. 

Алғашқы минуттарды салған жерден алаң иелері өз қолдарына алды. Сидельников қорғаған қақпаға жойқын соққылар бағыттап, қорғанысты сәл әбігерге салды. Айта кетейік, бүкіл ойын бойында Сидельников өте жақөсы өнер көрсетті. Қақпадан сауатты шыға біліп, 2-3 өте қауіпті жағдайға тойтарыс берді. Самат Смақов қорғанысты құлыптап тұрды. Оған көмектескен Примус екінші кезеңнің соңына қарай қақпашымен бірге-бір шыққан шабуылшының аяғындағы допты тартып ала білді. Дәл осындай эпизодты Антон Чиччулинде жасай білді.

"Ақтөбенің" алғы шебінде аса қатты белсене алмай, әріптестерін түсінісе білмеген Джилас тың орнын көбінесе Малик Мане басты. Допты еркін ұстап, жылдам шабуылдар ұйымдастырып, әріптестеріне кеңінен сермеуге мүмкіндік туғызды. Осы кездесуде "Ақтөбе" сапында мықты ойнаған ойынша осы.

Маненің сол қапталдан допты алып, бір қорғаушыны тебемін деп алдап өтіп, артынша ждасаған соққысынан кейін есеп теңесті. Осыдан кейін Мұқанов өз жігіттеріне асықпай ойынды соңына жеткізуді сұрады. Өйткені қарсыластың күші белгілі. Енді тек өз алаңында асықпай жүріп керекті нәтижеге қол жеткізу. Ойынға қатысты Венгрия телеарнасының журналистері былай деді.

- Қазақстанның "Барселонасы" шынында да допқа көп иелік етті. Пайыздық көрсеткіш 48-52. Деңгейі жоғары екендігі көрініп тұр. "Кечкеметке" енді сырт алаңда барын салу керек.

«Кечкемет» (Кечкемет, Венгрия) — «Ақтөбе»  1:1 (1:0) Голдар: Раданович 23 (1:0) - Мане 59 (1:1) Ескертулер: Лицинги 44, Бори 54 — Логвиненко 48, Бадло 89 «Кечкемет»: Немет, Раданович, Болог, Алемпиевич, Чукич (Савич 72), Эбала, Лицинги (Дьюрчо 63), Доссо (Шимон 46), Фокси, Бори, Моль Қосалқы құрам: Рыбански, Потворош, Дядя, Бертуш «Ақтөбе»: Сидельников, Чичулин, Смақов, Мане, Хайруллин, Кенжесариев (Бадло 87), Праймус, Логвиненко (Хохлов 85), Аверченко (Малетич 71), Костич, Джилас Қосалқы құрам: Бойченко, Сахалбаев, Лисенков, Семенов Бас төреші: Лиран Лиани (Израиль) Қапталдағы төрешілер: Двир Шимон, Дэвид Битон (екеуі де — Израиль) 14 июля. Кечкемет. «Шектой». Соққылар: 8:8 Қиыс кеткен соққылар: 2:7 Бұрыштама: 10:3 Тәртіпсіздік: 13:11 Сары қағаздар: 2:2
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×