Асхат Тағыберген: «Біз ертеңгі ойынға 100% дайынбыз»

22.09.2022, 00:07
Асхат ертеңгі ойынға команда капитаны ретінде шығады.
Асхат Тағыберген: «Біз ертеңгі ойынға 100% дайынбыз»

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Белрусьпен болатын матч алдында баспасөз мәслихатына қатысты:

- Көңіл-күй өте жақсы. Бір-бірімізді көргенімізге қуаныштымыз. Біз ертеңгі ойынға 100% дайынбыз.

– Ұлттық құрама сапында Тағыбергеннің алыстан жойқын соққы жасау арқылы соққан голын қашан көреміз?

- Ертең біз алаңда бар күшімізді саламыз. Мүмкіндік болса алыс қашықтықтан гол соғуға тырысамын.

- Беларусь құрамасының сапында кімдерді атап өтуге болады?

- Барлық ойындарда олар біз үшін ыңғайсыз қарсылас болды. Мен "Астанада" ойнайтын Эбонг пен Поляковты атап өтер едім. Бірақ ертең біз жанкүйерлеріміздің көзінше алға қойылған мақсат-міндетті шешуге тырысамыз.

- Команданың Еуро-2024 турниріне жолдама алуға шамасы жете ме?

- Уақыттың алдына түспей-ақ қояйық (күліп).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×