Георгий Кондратьев: «Жасанды төсеніш бізге қосымша қиындықтар туғызады»

22.09.2022, 03:48
Беларусь бапкері негізгі құрамдағы ойыншылардың жарақат алғанын мәлімдеді.
Георгий Кондратьев: «Жасанды төсеніш бізге қосымша қиындықтар туғызады»

Беларусь құрамасының бас бапкері Георгий Кондратьев Қазақстанмен болатын матч жайлы пікір білдірді:

- Жасанды алаңда ойнау қаншалықты қиын болады?

– Әрине, жазда жасанды алаңда ойнау қиын. Біздің елде жаз мезгілінде жасанды төсеніште ойнауға тыйым салынады, тек көктем мен күзде ғана рұқсат етіледі. Әрине, бұл бізге қосымша қиындықтар туғызады.

– Жарақат алған ойыншылар бар ма?

– Әрине, әдеттегідей 5-6 адам командаға келе алмады. Мен оларды біздің командадан көргім келген еді. Күтпеген жарақаттар мен аурулар кедергісін келтірді. Кейбіреуінде ойын тәжірибесі жоқ. Мен нақтыламай-ақ қояйын, бірақ құрамда айтарлықтай шығындар бар.

– Нақтырақ айтқыңыз келмегенімен, Сергей Политевич, Александр Селява және Захар Волковтың командадан кеткені туралы ақпарат бар. Бұл Сіз үшін қаншалықты үлкен шығын болып саналады?

- Сергей біздің қорғаныстағы негізгң ойыншымыз, маусым айында ол өте жақсы төрт ойын өткізді. Бұл біз үшін үлкен шығын. «Ростовпен» «Спартакты» жеңген Селява бізге көп көмектесер еді. Себебі біздің елде Ресей Премьер-лигасында ойнайтын ойыншы жоқтың-қасы.

– Жақында Сіз командаңыздың шабуыл шебінде қиындықтардың бар екенін айттыңыз. Ресейдің бірінші лигасында тәп-тәуір ойнап жүрген Лисаковичті шақыру туралы ойладыңыз ба?

- Виталий екеумізде біраз қиындықтар бар. Не біз онымен байланыса алмаймыз, не ол ойындардың алдында жарақат алады. Біз барлық жағдайды таразылап, оның «Рубинде» қалғаны дұрыс деп шештік. Оның үстіне қазір Бірінші лигада үзіліс жоқ.

- Бұл стадионды Макс Эбонг пен Денис Поляковтың үйі деп айта аламыз, өйткені олар «Астана» сапында ойнайды. Олардың негізгі құрамда шығу ықтималдығы қандай?

– Олардың ойнау ықтималдығы өте жоғары.

- Сіз ертең жеңіс үшін ойнайсыз ба?

- Сөзсіз. Біз әрқашан жеңіс үшін ойнауға тырысамыз. Словакияны да, Әзірбайжанды да жеңгіміз келді.

- Беларусь қазір соңғы орында тұр. Команданың турнирдегі мақсаты қандай?

- Бізге екі ойында да жеңіске жету керек, өйткені төрт ұпай да біз үшін жеткіліксіз болуы мүмкін.

- Қазақстан бұған дейін Беларусьті жеңген жоқ, бірақ ертең бірінші орын алып, топтан мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндігі бар. Сіз үшін Қазақстанды жеңу қаншалықты маңызды?

- Біз үшін кез келген ойын маңызды. Ойындар соншалықты көп емес, бір маусымда шамамен 10 матч өткіземіз. Біз кез келген ойында жеңіске жетуге дайынбыз, өкінішке орай, ол ойымыз әрқашан орындала бермейді.

– Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін басқа ойыншыларды бақылайсыз ба? Мысалы, «Шахтерде» Александр Позняк. Павел Назаренко ойнайды.

– Әрине, біз шетелде ойнайтын барлық ойыншыларды қадағалаймыз. Мен бұл жігіттерді және олардың қабілеттерін білемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×