Асхат Тағыберген: Біздің футболшылардың екі жүз пайыз дайын екендеріне сенімдімін

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
05.09.2024, 13:06

Ертең Қазақстан мен Норвегия құрамалары Ұлттар Лигасы аясында кездесу өткізеді. Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген ойын алдындағы баспасөз-мәслихатына қатысып, алдағы матч туралы пікірімен бөлісті.

Асхат Тағыберген: Біздің футболшылардың екі жүз пайыз дайын екендеріне сенімдімін
Асхат Тағыберген

«Барлығы Эдегор мен Холандты айтып жатыр. Бірақ, маған қарсылас команда емес, өзімнің командамның қалай ойнайтыны маңызды. Ертең гол ұруға тырысамын енді, тіпті салмасам да нәтижелі пас берсем де қуанамын. Жігіттер салып, ойынды ұтып жатсақ, бұған тек қуанатын едім. Біз іште, құрама командаға келгенде ешқашан клубтағы жағдайларды айтпаймыз. Бұл жерде тек құраманың мүддесі бірінші орында тұрады. Бұл жақтағы атмосфера - көк тудың желбірегені, содан кейін биік шыңдардан көріне бергені, міне маңыздысы осы ғана. Сосын осы ойынға біздің футболшылардың екі жүз пайыз дайын екендеріне сенімдімін», - деді А.Тағыберген.

Естеріңізге сала кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрама командасы 9-қыркүйекте Словениямен шеберлік байқасады.   

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
×